Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ақсу қаласындағы «Кітап- AMANAT» орталығында ұйымдастырылған шараға Абай мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен тағылымды тарихи квест өтті. Бұл шара — тек танымдық ойын емес, тарихпен сырласу, өткенмен үндесу, туған өлкеден шыққан батырлар ерлігіне деген құрметтің көрінісі болды. Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл ерекше кездесуде оқушылар Ақсу өңірінен шыққан ержүрек жерлестеріміз — Суптель Иван, Бердников Николай, Қамзин Қанаш пен Кривенко Иван және ортамыздағы жалғыз қалған соғыс ардагері Қалқаман ауылының тұрғыны артиллерист, сапер Василий Московченко т.б. туралы тың мәліметтермен танысты. Әр қатысушы топ өзіне берілген тапсырмаларды ынтамен орындап, тарихи деректерді саралап, батырлар өмірінің маңызды сәттерін еске алды. Бұл күн — есте қалатын, мағыналы, тәрбиелік мәні зор сәттерге толы болды.

WhatsApp Image 2025 05 08 at 17.22.58 1WhatsApp Image 2025 05 08 at 17.22.58WhatsApp Image 2025 05 08 at 17.36.04 1


80 жыл бізді Ұлы Отан соғысына байланысты оқиғалар ажыратады, бірақ соғыс отында туылған жолдар әлі күнге дейін тірі — жадында, жүрегінде, сөзінде. Осыған орай Әскери Даңқ музейінде «Ұлы жеңістің – ұмытылмас естелігі» атты поэзия кеші өтті, онда ақындар: Жамбыл Жабаев, Бакир Тәжібаев, Константин Симонов, Мұса Жалил және т.б. шығармалар шырқалды. Олардың өлеңдері-азап пен жеңіске жеткен ұрпақтың дауысы. Еске алу кеші біздің шабыттанған мүшелерімізсіз болмас еді. Соғыс жылдарындағы өлеңдерді ерекше сезіммен оқыған оқушылар олардың әрқайсысы оқуға тек дауысты ғана емес, жан дүниесінің бір бөлігін қосты және Жеңіс ұрпағының ерлігі құрметпен қарады.

WhatsApp Image 2025 05 08 at 11.29.01WhatsApp Image 2025 05 08 at 11.29.03WhatsApp Image 2025 05 08 at 11.29.04


Оқушылар үшін «Біздің ата-бабаларымыздың қаруы» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Қонақтар Г. Н. Потанин атындағы музейде Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспонаттары мысалында тас дәуірінен бастап XIX ғасыр аралығына дейін қазақ халқы қолданған қару түрлерінің тарихымен танысты. Экскурсия барысында қазақ даласында қарудың даму кезеңдері мен оның әскери-мәдени маңызы жайлы айтылды.

WhatsApp Image 2025 05 08 at 15.45.38WhatsApp Image 2025 05 08 at 15.45.23WhatsApp Image 2025 05 08 at 15.45.03


Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жеңіс күніне арналған «Ерліктер географиясы» атты тақырыптық кеш өтті. Іс-шара ерлік сабағы форматында ұйымдастырылып, оның барысында оқушылар мен қонақтар Ұлы Отан соғысына қатысқан павлодарлық жауынгерлердің ерлік жолымен танысты.
Кештің құрметті қонағы — «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Жан Қайыркенұлы Қаратаев болды. Ол соғыс жылдарындағы жауынгерлік ерліктер, әскери батырлықтың мәні және тарихи жадыны сақтау маңыздылығы туралы өз естеліктерімен бөлісті. Қатысушылар сонымен қатар қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесін айғақтайтын архивтік материалдар мен музей экспонаттарын тамашалады.

WhatsApp Image 2025 05 08 at 14.51.06WhatsApp Image 2025 05 08 at 14.51.59WhatsApp Image 2025 05 08 at 14.51.46


Д.П. Багаевтың музей-үйінде ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына арналған «Естелік» фотокөрмесі ашылды. «Естелік» фотокөрмесі тарихи жадыны сақтауға арналған бірегей іс-шара болып табылады. Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы павлодарлықтардың өмірін, еңбегі мен батырлығың бейнелеген Дмитрий Багаевтың фото жұмыстары ұсынылды. Сонымен қатар, көрмеде қазіргі заманғы соғыс ардагерлерін көрсететін заманауи фотосуреттер бар.

431


7 мамыр 1992 жылы “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” Жарлыққа қол қойылды. Осы күннен бастап Қазақстан армиясы өз құрылымын, ережесін, басшылық жүйесін қалыптастыра бастады. Осыған орай Әскери Даңқ музей қабырғасында Қарулы күштін 33 жыл толуына орай Шекарашылардын қатысуымен мерекелік шара өткізіліп деректі фильм көрсетіліп шара соңында Қонақтар құттықтау сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірді.

WhatsApp Image 2025 05 08 at 09.56.33WhatsApp Image 2025 05 08 at 09.57.04WhatsApp Image 2025 05 08 at 09.57.26


Екібастұз тарихи- өлкетану музейімен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысындағы әндерге арналған «Әндер де соғысты» әдеби-сазды кеші өткізілді. Бұл әуендер тек қана музыка емес. Олар майдан мен тылдың үні, сарбаздарға қолдауы, соғыс хабарын күткен туған - туыстарға жұбаныш болды. Бағдарламада Жеңістің символына айналған аңыз әндер орындалды. Іс-шара қиын-қыстау кезеңде өнердің қаншалықты күшті екенін және өткенді еске алудың маңыздылығын еске түсірді. Барлық қатысушыларға шын жүректегі жылы көңіл-күй мен тарихқа деген құрметі үшін алғыс білдіреміз!

WhatsApp Image 2025 05 06 at 17.02.04WhatsApp Image 2025 05 06 at 17.02.05WhatsApp Image 2025 05 06 at 17.01.51


«Ерлік пен ар - намыс - тарих беттерінде» Отан қорғаушылар күніне арналған 66/79 әскери бөлімнің "Ұлттық ұлан" сарбаздарымен кездесу кеші өтті. Жас сарбаздарды Отанын сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу және Отанын елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында келген қонақтар толық мағұлматтар берді. Патриоттық әндер орындалып, сарбаздарға сәттілік тіледік. 

WhatsApp Image 2025 05 06 at 15.38.28WhatsApp Image 2025 05 06 at 15.38.28 1WhatsApp Image 2025 05 06 at 15.38.28 2