- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Ұлттар мәдениеті – ортақ қазына» және «Әуендер әлемі: ұлттар үндестігі» көрмелер Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өту аясында Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп, Конституция алаңында «Ұлттар мәдениеті – ортақ қазына» және «Әуендер әлемі: ұлттар үндестігі» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды. Көрмелерде Павлодар облысында тұратын халықтардың ұлттық киімдері мен музыкалық аспаптары ұсынылып, мәдени дәстүрлерінің байлығы мен өзіндік ерекшелігі көрсетілді. Экспозициялар қонақтардың зор қызығушылығын тудырып, мерекелік бағдарламаның маңызды бөлігіне айналды және мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын айқындады.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Қаз қонақ» көрмесі Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қаз қонақ» республикалық маңызы бар табиғи ескерткіші мәртебесінің берілгеніне 55 жыл толуына арналған көрме ашылды. Бұл орын — жер планетасының тарихы жанданып, алыс өткеннің куәсіне айналған бірегей палеонтологиялық ескерткіш. Музей келушілерді сирек кездесетін олжалары — ежелгі жануарлардың сүйек қалдықтарымен танысып, таңғажайып деректерді білуге шақырады. Іс-шараға белсенді қатысқан қонағымыз, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, Марғұлан университеті профессоры Валентина Алиясоваға алғыс білдіреміз.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Письма с фронта» интерактивті сабақ Д.П. Багаевтың музей-үйінде «Письма с фронта» атты интерактивті сабақ өтті. Бұл жай ғана дәріс емес, өмірі соғыс өртіне шарпылған жандардың тағдырына терең бойлау болды. Майданның «үшбұрышты» хаттары — бұл дәуірдің ерекше құжаттары. Бұл хаттарда көптеген шынайы махаббат, жақындарына қамқорлық және жеңіске деген сенім бар. Сабаққа қатысушылар музей қорындағы түпнұсқа хаттар мен фотосуреттерді өз көздерімен көрді. Хаттардың неліктен дәл осылай үшбұрыш болып бүктелгенін және дала поштасының қалай жұмыс істегенін білді. Шайқастар арасындағы үзілісте жазылған жолдар арқылы ұрпақтар арасындағы тірі байланысты сезінді.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Қарулы Күштер — Отан қорғаушыларға тағзым» кездесу Отан қорғаушылар күніне орай ЕКібастұз тарихи – өлкетану музейімен «Қарулы Күштер — Отан қорғаушыларға тағзым» атты мерекелік патриоттық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР ІІМ Күзет қызметі бақылау комитеті Павлодар облысы МКҚБ ММ 2-ші ішкі істер басқармасының өкілдері арнайы қонақ ретінде қатысты. Ел алдындағы борышын адал өтеген азаматтардың құрметіне Естай атындағы балалар музыка мектебінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Атап айтқанда, Әлібек Ерасыл «Қазақстан» әнін, ал Совет Нұрсәт «Ұлы дала» туындысын орындап, көрермен ілтипатына бөленді.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Бірлік — елдің тірегі» фотокөрме Д.П. Багаевтың музей-үйінде «Бірлік — елдің тірегі» атты фотокөрме ашылды. Жұмыстардың авторы, танымал фотограф Рүстем Әнуарбеков өз камерасының объективі арқылы Қазақстанды не нәрсе шын мәнінде қуатты ететінін бейнелеген. Фотосуреттерден мәдениеттердің алуан түрлілігін, шынайы сезімдер мен халқымыздың татулық рухын көре аласыздар. Көрме Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған. Бұл музейде тамашалауға, өнерден шабыт алуға және терең және жанды кадрлар арқылы мерекелік атмосфераны сезінуге тамаша себеп. Әрбір фотосурет — достық, салт-дәстүр және біз бірге құрып жатқан ортақ шаңырағымыз туралы сыр шертеді. Көрме 28 мамырға дейін жұмыс істейді
- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Халықтар достығы-ел бірлігінің негізі» дөңгелек үстел Шарбақты тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Халықтар достығы-ел бірлігінің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс – шараға «Нұр-ана әлемі» филиалы, украин этномәдени бірлестігінің «Барвинок» тобы және ЩАТК студенттері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар түрлі ұлт өкілдерінің дәстүрлері мен мәдениетін құрметтей отырып, татулық пен бірліктің маңыздылығын атап өтті. Смаилова А.С. «Босаға майлау» дәстүрі туралы қызықты мәлімет берді. «Нұр-ана әлемі» өкілдері ән орындап, Делль В.А. өз өлендерін оқыды. Ал «Барвинок» тобы украин халық әндерін шырқап, гүлден тәж өру дәстүрін таныстырды. Бұл шара халықтар арасындағы достықты нығайтып, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің жарқын көрінісіне айналды.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Халықтар достығы – ел гүлденуінің кепілі» достық фестивалі Ұлтаралық келісімді нығайту, патриоттық тәрбие беру, Қазақстан халықтарының мәдениетіне құрмет қалыптастыру мақсатында Ақсу тарихи-өлкетану музейінде бірлік күніне орай «Халықтар достығы – ел гүлденуінің кепілі» атты достық фестивалі өткізілді. Көркем сөз — мәдениетіміздің маңызды бөлігі деп, әдеби-музыкалық концерттік бағдарламанымен №4, №7, №8 орта мектептері өзбек және орыс халқының мәдениетімен таныстырса, ал облыстық «Қазақ аналары - дәстүрге жол» қоғамдық бірлесітігінің кеңесшісі, Ақсу қаласының құрметті азаматы Светлана Қондыкерова достық фестив

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Бірлігіміз – бейбіт тірлігіміз» этнографиялық кеші Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында музейде «Бірлігіміз – бейбіт тірлігіміз» атты этнографиялық кеш өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары Павлодар ауданы кәрістерінің этномәдени бірлестігінің өкілдері болды.
Бағдарламада Павлодар ауданы кәрістерінің этномәдени бірлестігінің жетекшісі Шин Светлана Гир-Соновнаның сөзі ерекше орын алды. Ол өз сөзінде Қазақстандағы кәріс диаспорасының тарихына тоқталып, қоныс аудару мен бейімделудің күрделі кезеңдерін еске алды. Сондай-ақ мәдени бірегейлікті сақтауға ықпал еткен қайсарлық пен еңбекқорлықты атап өтті. Кештің маңызды бөлігі кәріс халқының материалдық және рухани мәдениетін танытқан тақырыптық көрме болды. Нағыз мерекелік атмосфераны «Торади» би ансамблінің өнері толықтырып, кешке жылылық, шынайылық және ұлттық нақыш сыйлады.


