Ұлы зерттеушісі, этнограф, шығыстанушы және қоғам қайраткері Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 190 жыл толуына орай Ямышев орта білім беру мектебінде оқушыларға арналған танымдық дәріс өтті. Іс-шара барысында оқушылар Потаниннің өмірі мен ғылыми қызметі, Орталық Азия, Сібір мен Қытайға жасаған экспедициялары, география мен этнография саласына қосқан үлесі, сондай-ақ Шығыс халықтарының мәдени мұрасын сақтау жолындағы еңбегі туралы мәлімет алды.Дәріс барысында оның сібірлік тамыры мен XIX ғасырдағы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына қосқан рөліне ерекше назар аударылды.Оқушылар дәрісті қызығушылықпен тыңдап, талқылауға белсенді қатысты..Бұл дәріс оқушылардың отансүйгіштік және өлкетану бағытындағы тәрбиесіне үлкен үлес қосты.
"Потанин: путешествие в истоки" тақырыптық дәріс
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина