Ақтабан шұбырынды жылдары – 1723-1727 аштық, қайғы-қасірет, материалдық құндылықтардың күйреуін ала келді, өндіргіш күштерді дамытуға орны толмас зиян келтірді. Жоңғар әскерлерінің қысымымен қазақ рулары ғасырлар бойы мекендеген өздерінің туып-өскен жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі қазақ халқының басына тенген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, босқан елдің мұңзарын толғайтын тарихи сазды өлені Елім-ай өлені. Ол соңғы кездерге дейін халық өлені танылып келді.
Қазақ халқының тарихында ең қайғылы уақытта жеріміздің тыныштығын қорғаған болжағыш басқарушылар, батырлар, билер бастаған. Әйгілі «Аңырақай шайқасынан» кейін қазақ жерлері жаудан босатыла бастады. Осы уақытта Павлодар Ертіс өңірінің территориясы қазақ-жоңғар соғыстарының алаңына айналды. Олжабай мен Жасыбай батыр бастаған қазақ қолдары Павлодар өңірін жоңғар басқыншыларынан түпкілікті азат етті. Жоңғар басқыншылары Баянауыл жеріндегі бейбіт жатқан ауылдарға шабуыл жасады. Қазақ күштерін Бөгенбай және Қабанбай батырлар басқарды.
Белгілі Қазақстандық суретші Н.Ж.Қарымсақовтың «Аруақ ұранымен» картинасы осы оқиғаларға арналған.
Батырлар мен билердің суреттері залға ерекше салтанат пен ұлылық беріп тұр. Бұл Төле би, Қазбек би и Айтеке би – Ұлы жүздің, Орта жүздің және Кіші жүздің билері. Олар Жеті жарғы атты заң жинағының құрастырушылары. Қазақ жерің жоңғар басқыншылардан босатқан батырлардың суреттері көрсетілген. Олардың ішінде Баян батыр, Малайсары батыр, Бөгембай батыр және Жасыбай батыр.