Қазақтар көне заманнан тарихи қалыптасқан қоныстанған ортаның табиғат жағдайларына байланысты шаруашылықпен - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Киіз үй мал өсіруші көшпелі ата-бабамыздың негізгі баспанасы болған.Көне заманнан сақталып келе жатқан қазақтың киелі мұрасы. Киіз үй – көне заманнан бері халқымыздың өмірінде пайдаланып, бүгінгі күнге дейін жеткен дәстүрлі мәдениет ескерткіші. Киіз баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды.Ол негізінен киіз бен ағаштан тұрады. Ауа райының қандай болмасын жағдайында пайдалануға ыңғайлы, ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай.
Ағаш, тері,сүйек,тас өндеумен және зергерлік және ұсталық өнермен ерлер айналысқан. әйелдер қой жүнінен жіп иірген, ол жіптен сосын өрмек тоқып, шекпен,шалбар сияқты сырт киімдер, киіз үйдің туырлық бауларын дайындаған.Қой жүнінен үйге жабатын түрлі-түрлі киіз басылды; киізді оюлап жақсы текемет басатын болды, шидем бас киім, аяқ киім сияқты кейбір киімдер, тоқым сияқты заттар дайындалды.
Қазақ халқының ұлттың киімдерінің түрі де,үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ.Кең байтақ даламыздың табиғатына,ауа райына сай киім түрлерінің де ерекшеліктері бар.
Әлді тұратын дала тұрғындарының киімдері өзінің сән – салтанатымен ерекшеленген. Ішік - сәнді, әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан,ішін аң,мал терісінен тігеді.Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі,етегіне дейін теріден жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол болып тігіледі, жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік,суыр ішік деп аталады.Ішікті еркектер де, әйелдер де киген. Әйелдерге, жастарға арналған ішіктер әшекейленіп, түрлі ою,кестелер салынып тігіледі.
Көшпенділер ертеден күнделікті тұрмыста және мал шаруашылығында қолданатын заттарды ағаштан жасаған. Ағаш шеберлері көбіне ер, киім және тамақ қоятын жәшіктер, қымызға арналған оюлы дөңгелек және қайыққа ұқсас ыдыстар жасаған.Қазақ халқы аң аулайтын құстарды қастерлеген. Алып жыртқыш құсқа табыну ерте заманнан келе жатқан қағида. Бүркіттің адамның көз алдында өзінің олжасын жоғары биікке көтеруі оны барлық жыртқыштардан жоғары етіп көрсетеді.