Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Ertis» музей бөлімшесі.
«Ertis» музейі 2019 жылдың 21 желтоқсанда ашылды. Ауданы 2428 шаршы метр, мұнда бір уақытта алты жүз адамға дейін орналаса алады. Оның бірегейлігі-бұл мультимедиялық болғаны. Мультимедиялық жабдықтың міндеті-келушілерге негізгі экспозицияға кірмеген ақпаратты статистикамен, фотосуреттермен тереңірек танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, музей эстетикалық, көркем-безендіру және танымдық сипаттағы функцияларды атқарады.
Музей экспозициясы Жердің геологиялық тарихы, Павлодар облысының физикалық географиясы, оның минералдары мен пайдалы қазбаларының алуан түрлілігі, табиғат пен су ресурстары, тарихқа дейінгі өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігі, әртүрлі археологиялық дәуірлердегі ежелгі қоныстардың тарихы сияқты ірі бөлімдерді қамтитын 10 залда орналасқан.
Мұнда «Геология», «Антропология», «Қаз қонақ», «Неоген кезеңі», «Ежелгі флора мен фауна», «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары», «Ежелгі археология», «Ортағасырлар тарих» залдары ұсынылған.
Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы 140000
Павлодар қаласы, Исеналиев көшесі 2, тел.: 8(7182) 223320; 8(7182) 221090
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сайт: www.pavlkraimuz.kz
Парақшасы: @ertismuseum
Жұмыс кестесі сейсенбі – жексенбі сағ. 10.00 -18.00 дейін үзіліссіз
Бектемисова Айзада Оралбековна