Павлодар қаласының шығуы 18 ғасырдан басталады. Шекараны қорғау мақсатымен Ертістің бойында бірнеше бекіністермен форпосттар тап болады. 1867 жылы Қосым Пішенбаевтың таскөмір кен орнын ашуы көмір өндірісі өнеркәсібінің дамуына жол ашты. Павлодар өңіріндегі тарихи оқиғалар жайында фотосуреттер мен құжаттар әңгімелейді.
Қаланың атауына байланысты бір аңызға сенсек қазіргі Екібастұз қаласының аумағын аралағанда Қ.Пшембаев қара түсті кесектерді байқап алды. Оларды зерттеп көмір кенін тапқанына сенді, осы жерде тұздан үйген топырақты жасады, ал үстіне қырда тапқан аттың екі бас сүйегін салды.
Біздің қаламыздың ресми тарихы жаңа тұзды көлдің ашылуымен тығыз байланысты.1720ж. Коряков арқалауынын орнына Коряков форпосты салынды – Омбы және Семей бекіністердің арасында 7 аралық кербездіктердің бірі.
1750ж. Коряков форпостында тұз өндіру жұмыстары басталады және Тобол тұз ведомствосының тұз бекеті құрылады. Форпостты тұз жабдықтаушылармен төрешілдіктер мекендейді. 1765ж. форпостта алғашқы ірі тұз қоймалары салынады.
XIX ғ. аяғы – XX ғ. басындағы көпес үйінің ішкі көрінісіне назар аудартады. Қаланың бай көпестердің бірі Артемий Иванович Деров. Музейіміз сол кісінің сауда залында орналасқан. Үй 1899ж. «Сібір модерні» деп аталатын стилінде атақты архитектор Батов салған. Келушілер өткен ғасырдағы Павлодар қаласында серуендеп жүріп, көпес үйінің бір бөлмесіне кіруге мүмкіндігі бар. Экспозицияда XIX ғ. қонақ бөлменің ішкі көрінісі берілген. XIX ғ. аяғы – XX ғ. басындағы антикварлық жиһаз, Венеция айнасы, француз сағаты, америка граммофоны, фисгармония – музыка аспабы, белгілі Кузнецов фарфор заводының ыдыс – аяғы музейдің құнды экспонаттары болып саналады.