Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу тарихи-өлкетану музейі бөлімшесі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «2000 жыл мәдениетті қолдау жылы» деп жариялаған кезінде Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Абзалұлы Нәбиевтің, еңбек және соғыс ардагерлерінің, Құрметті азаматтардың қолдауымен қалада тарихи-өлкетанумузейін ашу туралы шешім қабылданды.
2000 жылы 18 қазан күні экспозиция-көрме залы 156,4 шаршы метрді құрайтын қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды.
Музейде 1 зал бар. Экспозициялық көрмелер: Бірінші экспозиция археология бөлімі, воскресенская темір жолы, қала тарихы, тың және тыңайған жерлерді игеру, орыс халқы үйінің безендірілуі, этнография, қазақ әйелдерінің әшекейлері, үтіктер, киіз үйдің безендірілуі, ұлттық аспаптар, нумизматика бөлімі, білім беру бөлімі, атақты жерлестер, ақсу қаласының құрметті азаматтары, ГРЭС, ферақорытпа зауыты, ауған жауынгерлері, ҰОС-ына арналған экспозиция, ЭКСПО 2017 жыл, қазіргі Қазақстан, өрт сөндіру бөлімі, біріккен әскери комиссариат, өнер бөлімі, денсаулық сақтау бөлімі, спорт бөлімі, табиғат және фауна, рекорд Гиннес бөлімі.
Музейде кез келген санаттағы келушілерге қазақ және орыс тілдерінде шолу және тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі.
1 қаңтар 2016 жылы музей жинағының жалпы қоры 3955 бірлікті құрайды. Оның ішінде негізгі қор 2652, көмекші 1303 қор бар. Олардың арасында өте сирек кездесетін жәдігерлер бар: 50-60 жылдардағы резеңке аяқ-киім, ХХ ғасырдың басындағы түлкі ішігі, 50-жылдардағы теледидар, 1915 жылғы бірнеше «Огонек» нөмір журналдары.
Бұқаралық-ағарту жұмыстары туған өлкесінің тарихын сүюге, патриоттық сезімін тәрбиелеуге, Ақсу өңірінің дарынды, шығармашылық адамдарымен таныстыруға бағытталған: сабақтар мен экскурсиялар, дәрістер, шеберлік сыныптарын, кездесу кештер ынтымақтастықта болатын білім берудің барлық деңгейіндегі оқу орындарымен және этно-мәдени бірлестіктермен ұйымдастырылады.
Ақсу музейіне Бұхар Жырау және Баянауыл ауданының Қ.Сатпаев атындағы мемориалдық музейі өзінің экспозицияларын әкелді.
Музей қызметі Павлодар облысының мәдениет Департаменті, Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының, жергілікті Ақсу қаласының әкімшілігінің алғыс хаттарымен және дипломдарымен марапатталды
Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы 141200
Ақсу қаласы, Әуезов көшесі 8
факс/тел.: 8(71837)64699, 69958
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Жұмыс кестесі дүйсенбі – жұма сағ. 9.00 -18.00 дейін
Түскі үзіліс: сағ.13.00-14.00
Сенбі-жексенбі: сағ.10.00-18.00 түскі үзіліссіз
Бөлімше басшысы Акшулакова Гүлжанар Наскенқызы