Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

6

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы залы, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы мемлекетінің қалыптасу кезеңдері көрсетеді. Залымыздың орталығында Тәуелсіздігіміздің нышандары Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұран орналасқан. Тәуелсіздігіміздің тағы бір белгісі 1993 жылдан бастап енгізілген ұлттық валюта теңге.

Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республикасының атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарың айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға, сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. 

Жеделдетілген инновациялық индустриалды даму бағдарламасын іс жүзіне асыруда өңір үлкен табыстарға жетті: Павлодар облысында 169 тоба іске асырылды. Оның 15-і республикалық масштабтағы жобалар. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Павлодар облысының ауылдық аймақтарында әлеуметтік – мәдени нысандар қалпына келтірді және жаңадан ашылды. 

1996 жылда Павлодар облысында АО Евроазиаттық энергетикалық корпорация құрылды. Корпорация құрамына Ақсу ГРЭС-і, Екібастұз көмір разрезі, Павлодар қаласының энергетикалық құрылғыларды жөндейтін өндірістік-жөндеу бөлімшесі кіреді.

Екібастұз жылу энергетика кешені бірнеше станцияларға бөлінген ГРЭС-1 құрылысы 1974 жылы басталып 1984 жылы іске қосылды. Құралдары Санкт-Петербург, Одесса, Харьков қалаларында жайындалған. 1990 жылы 1 млн. Квт қуаты бар ГРЭС – 2 құрылысы аяқталды. 

 

IMG 6671  ро