Павлодар Ертіс өңірі территориясында 1,5 млн жыл бұрын өмір сүрген адамдардың құрал-саймандары табылды.
Адамзаттың дамуына байланысты тастан құрал жасау техникасы да жетілдіріле бастады. Орта тас ғасыры мезолит дәуірі палеолит және неолит дәуірлері аралығындағы өтпелі кезең. Мезеолит дәуірінде белгілі бір шаруашылыққа арналған құралдар жасалына бастады.
Павлодар Ертіс өңірі территориясындағы қола дәуірі Андронов мәдениетімен суреттелінеді. Андронов мәдениетіне қатысты тайпалар б.з.д. 3-1 мың жылдықтарда өмір сүрген. Бұл кезеңде тас құралдар ығыстырылып, олардың орнына құралдар метелдан жасалына бастады. Аңшылықтың орнына мал шаруашылығы мен егіншілік келеді.
Қола дәуірі кезеңіндегі жерлеу рәсімі бұл кезеңнің ерекшелігі болып табылады. Андроновтықтар жерлеу кезінде мәйітті сол немесе оң бүйіріне жатқызған. Мәйітті былай жатқызу наным-сенімдермен түсіндірілді. Олардың сенімдері бойынша адам өлмейді, ол тек қана ұйықтап қалып, кейін басқа әлемде оянады деп сенген.