Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер ісі   басқармасының «Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бөлімшесі Екібастұз тарихи-өлкетану музейі.

Екібастұз тарихи-өлкетану музейі 1987 жылы Г Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің Екібастұз қаласындағы   тарихи-өлкетану бөлімі ретінде құрылды. 1996 жылғы 23 сәуірдегі Екібастұз қаласы әкімінің өкімі негізінде 1997 жылы Екібастұздың 40-жылдығына ашылды.

Музейде көрме залы және тұрақты экспозициялары орналасқан 9 негізгі зал бар.

Көрме залы – бұл адамдардың ерекше қызығушылығын тудыратын әртүрлі өнер түрлері ұсынылатын алаң. Көрме залында өз қорынан және басқа музейлер мен жеке тұлғалардың уақытша көрмелері, бейнелеу өнерінің көрмелері, сондай-ақ шеберлік сабақтары өткізіледі.

Бірінші зал ғалымның ғылыми қызметімен таныстырады, А.Х. Марғұлан. Оның жеке заттары, құжаттары мен басқа да артефактілері академиктің еліміздегі ғылымды ұйымдастыру мен дамытуға қосқан үлесі мен өмірін көрсетеді және көрнекті ғалым, этнография және археология ұлттық мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы Әлкей Хақанұлы Марғұланның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында жасалған.

        Екiншi залда Екiбастұз өңiрiнiң аумағындағы көптеген археологиялық қазба материалдары көрсетiлген, Шідерті 3 тас ғасырындағы, көне тас ғасырындағы Ангренсор, Майсор тұрақтарындағы, қола дәуірінің Ақ-бидайық қоныстарынан, темір дәуірі Тасмола мәдениетінің Майкөбе обасынан ұсынылған көне тас ғасырынан ерте көшпенділер тарихына дейінгі өлке тарихы археологиялық қазба материалдарымен таныстырады.

Үшінші залдың экспозициялары Павлодар Ертіс өңірінің ортағасырлық тарихындағы жаңа беттермен таныстырады.

Төртінші зал қазақ халқының тұрмысына, дәстүріне, материалдық және рухани мәдениетіне арналған 8 тақырыптық блокты қамтиды. Әрбір экспозицияда халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен көрнекі таныстыруға мүмкіндік беретін сирек экспонаттар ұсынылған.

Бесінші зал Екібастұзкөмір елді мекенінің құрылу тарихымен таныстырады: Екібастұз тас көмір кен орнының Қ.Пішенбаевпен ашылуы, Воскресенск тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қызметі туралы (1898-1903 жж.); Екібастұз көмірін игеруі Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамы жөнінде (1913-1917 жж.); революциядан кейінгі кезең 1918-1925 жылдардағы оқиғаларға арналған фотоқұжаттық материалдармен ұсынылған.

Алтыншы және жетінші залдардың экспозициялары соғыстан кейінгі кезеңмен таныстырады: шыны зауыты, геологиялық барлау партиясы және Ертіс № 1 көмір разрезінің жұмысы, бірінші тұрғын үйлердің құрылысы туралы. Сондай-ақ, бұл залда Екібастұз тарихындағы қайғылы беттердің бірі - Екібастұздың ерекше лагерінде жазасын өтеген қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар туралы баяндайтын материал ұсынылған. Жаңа қала мен көмір разрездері құрылысының басталуы, сондай-ақ қала құрылысы, Екібастұздың атақты адамдарымен, «Богатырь», «Восточный» көмір разрездерімен, Б. Нұржанов атындағы ГРЭС-1 электр станцияларымен және Екібастұз ГРЭС-2 станциясымен қалыптасу және даму тарихы және т.б.

Сонымен қатар музейде келушілерді ақын, композитор, әнші Естай Беркімбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын зал бар.

Екібастұздың қасиетті және көрікті жерлерімен, оның ішінде «Богатырь» көмір кенішімен таныстыру мақсатында музей автобус және жаяу экскурсияларын өткізеді.

 

Музейдің мекенжайы: Павлодар облысы Екібастұз қаласы Кеншілер көшесі, 34.

Телефон: 8 (7187) 34 71 28, 8 (700) 767 48 93

Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Әлеуметтік желі:

«Facebook» (Екібастұз музейі)

«Instagram» (ekibastuz_muzei)

«ВКонтакте» (Городской музей)

Жұмыс кестесі:

сағ. 10.00 - сағ.18.00 дейін, демалыс – дүйсенбі.

Бөлімше басшысы Ордабаева Салтанат Қаржаубайқызы