- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейімен бірлесіп ұйымдастырылған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, тарихшы Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған «Өз-ағаның жинаған өз мұрасы» атты көшпелі көрменің ашылуы өтеді.
Өзбекәлі Жәнібеков – қазақтың ұлттық мәдениеті мен тарихи мұрасын жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Оның бастамасымен Наурыз мерекесі қайта жаңғыртылып, ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттауға бағытталған көптеген маңызды жұмыстар жүзеге асырылды.
Экспозицияда Арқалық музейінің қорынан 95 құнды жәдігер көрсетіліп, қайраткердің жеке мұрағат материалдары, архивтік фотосуреттері, ұлттық киім үлгілері, этнографиялық бұйымдар және өз қолымен музейге тапсырған жәдігерлері ұсынылды.
Көрмеге Павлодар өңірінің тұрғындары, мәдениет басқармасының өкілдері, өлкетанушылар, ғалымдар, тарихшылар, сондай-ақ студенттер мен оқушылар шақырылды.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына орай Ақсу тарихи-өлкетану музейінде танымдық сағат өткізілді. Іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 3 «Б» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін жатқа оқып, «Әке мен бала» әңгімесі бойынша сахналық көрініс көрсетті. Кемесер Аяла домбырамен «Тепеңкөк» күйін орындады. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Іс-шара соңында оқушылар музей экспозицияларымен танысып, экскурсия жасады. Танымдық сағат жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттырып, ұлы ағартушының мұрасын танытуға бағытталды.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Ұлттық валюта теңгенің тарихы мен маңызы» атты тақырыптық дәріс №18 мектеп оқушыларымен өтті. Шараның басты мақсаты – Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болу тарихымен таныстыру, теңгенің еліміздің тәуелсіздігінің басты нышандарының бірі екенін түсіндіру, ұлттық валютаның экономикалық және қоғамдық маңызын ұғындыру, оқушылардың отан сүйгіштік сезімін қалыптастыру.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Павлодар қаласының құрметті азаматы, бірінші гильдия көпесі әрі меценат Артемий Иванович Деровтың туғанына 170 жыл толуына орай «Артемий Деров және Екібастұз көмірі: тарих пен ұрпаққа аманат» атты тағылымы мол тақырыптық дәріс ұйымдастырылды. Өлкетану бағытын қамтыған бұл дәріске №11 жалпы орта білім беру мектебінің 5 «г» сынып оқушылары қатысып, қаламыздың тарихына терең үңілді. Дәріс барысында ХІХ ғасырдың 70 жылдары Павлодар уезіне қоныстанған тұлғаның өмірбаяны, қоғамдық қызметі және өңірдегі көмір өндірісінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі жан-жақты баяндалды. Танымдық кездесу оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын айтарлықтай арттыра түсті. Оқушылар білімдерін тиянақтап, берілген ақпаратты бекіту мақсатында қызықты сұрақ-жауап сессиясына белсене қатысты.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары № 11 орта мектебінде Қазақстандағы ақша айналымының тарихы мен ұлттық валютаның қалыптасуына арналған «Ақша ізі: монеталар археологқа не туралы баяндайды?» атты музей сабағын өткізді. Оқушылар ақша тарихының тауар айырбасынан және алғашқы монеталардан бастап, түркі дәуіріндегі, Қазақ хандығы кезеңіндегі ақша белгілері мен қазіргі теңгеге дейінгі даму жолымен танысты. Музей сабағы оқушыларға күнделікті қолданып жүрген ақшамызға тек төлем құралы ретінде ғана емес, тарихтың куәгері ретінде де қарауға мүмкіндік берді.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта-теңге күні қарсаңында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан валютасы – теңгенің тарихы» атты көрме ашылды.
Көрмеге теңгенің айналымға енгізілу тарихы, алғашқы банкноттар мен монеталар, олардың жетілдірілу кезеңдері мен дизайнының өзгеруі туралы баяндайтын материалдар қойылды.
«Торайғыров университеті» жоғары колледжінің студенттері ұлттық валютаның жасалу тарихы, оның мемлекеттің экономикалық өміріндегі маңызы және Қазақстан тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі туралы қызықты деректермен кеңінен танысты.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Ұлттық валюта – теңге күніне орай Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан валютасы – теңгенің тарихы» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық валютаның қалыптасу тарихымен, даму кезеңдерімен, алғашқы банкноттар мен монеталардың ерекшеліктерімен танысты. Теңгенің Қазақстан тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты нышандарының бірі ретіндегі маңызына ерекше назар аударылды.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №47 мектеп оқушыларына «Ұлттық теңге – тәуелсіздік нышаны» тақырыбында оқушыларды ұлттық валютаның тарихымен және маңызымен таныстыру, қаржылық сауаттылығын арттыру, ел тәуелсіздігіне құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында таныстыру, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Ұлттық валюта күні қарсаңында оқушыларға теңгенің шығу тарихы, оның мемлекеттің экономикалық дербестігін нығайтудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Оқушылардың қатысуымен сұрақ-жауап, викторина және «Теңге – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында пікір алмасу өткізілді. Пікір алмасу қызықты өтті. Балалар мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, жауап алды.


