- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Халықаралық симпозиум Елордада «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтті. Ауқымды іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Симпозиум аясында музейіміздің бірегей жәдігері — Павлодар облысынан табылған XIII–XIV ғасырларға жататын күміс Бокка бас киімі таныстырылды. Алтын Орда дәуіріндегі ақсүйек әйелдер киген бұл сирек бас киім тарихшылар мен қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Өңіріміздің археологиялық мұрасын осындай жоғары халықаралық деңгейде таныстыру — біз үшін зор мәртебе!

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Конкурс қорытындысы Халықаралық Музейлер күні «Павлодар қаласы мен облысының ескерткіштері» атты TikTok форматында бейнероликтер конкурсының қорытындысы бойынша музейде жеңімпаздармен қатысушылардың марапатталуы өтті.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Музейдегі түн…» Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі Халықаралық музейлер күніне орай келушілерді «Музейдегі түн…» атты ауқымды театрландырылған экскурсиямен қарсы алды. Бұл кеште әдеттегі музей залдары уақыттар тоғысына жетелейтін тылсым кеңістікке айналды. Жанданған тарихи тұлғалар, тақырыптық қойылымдар мен ерекше локациялар әрбір келушіге туған өлкенің бай мәдениетіне терең бойлап, оны жақыннан сезінуге мүмкіндік берді. Бағдарламаның басты ерекшелігі — күтпеген сый болды: халықтық гид рөлін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Ажар Бахытқызы Сағандықова атқарды. Осы бір қайталанбас кешті бізбен бірге бөлісіп, музейді жанды эмоциялар мен шабытқа толтырған барша қонақтарға шын жүректен алғыс білдіреміз!

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Музейдегі түн — Уақыт бұзылуы» Халықаралық музейлер күнін мерекелеу аясында 18 мамыр күні «Ертіс» музейінде «Музейдегі түн — Уақыт бұзылуы» атты жарқын әрі есте қаларлық іс-шара өтті. Бұл кешке көптеген қонақтар жиналып, қала тұрғындары үшін нағыз мәдени оқиғаға айналды.
Қонақтарды ерекше экскурсиялар, театрландырылған перформанстар, мультимедиялық инсталляциялар, қазақ мифологиясының кейіпкерлері, интерактивті алаңдар, VR-аймақ, кино көрсетілімі, сондай-ақ Павлодар қаласының арнайы шақырылған блогерлері мен журналистері қарсы алды.
«Музейдегі түн — Уақыт бұзыуы» іс-шарасы барлық қатысушыларға жарқын эмоциялар, жаңа әсерлер сыйлап, жұмбақтар мен күтпеген уақыттық парадокстар атмосферасына енуге мүмкіндік берді. Барлық қонақтарға мәдениетке деген сүйіспеншіліктері және осы кешке деген қызығушылық үшін алғыс білдіреміз. Бұл кеш: музей — уақыт шын мәнінде жанданатын тірі кеңістік екенін дәлелдеді.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Затты тап» интерактивті алаң 18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 8-сынып оқушылары үшін «Затты тап» атты интерактивті алаң ұйымдастырылды. Оқушылар өткен заманның жәдігерлерімен танысып, олардың қандай мақсатта қолданылғанын анықтап көрді және ата-бабаларымыздың тұрмысы мен тарихы жайлы көптеген қызықты мәліметтер алды. Іс-шара жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, оқушылардың қызығушылығы мен белсенді қатысуына себеп болды.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Шығармашылық кездесу 18 мамырда Халықаралық музейлер күніне орай «Степным орлом взлечу на небеса я...» атты шығармашылық кездесу өтті. Бұл кездесуде сөздің шебері, керемет адам Борис Власов болды. Шараға қара металлургия колледжінің студенттері, «Родники» әдеби клубының мүшелері және қалалық қауымдастық өкілдері қатысып, поэзия, тірі сөз бен шабыт әлеміне жақындай түсті. Бұл кездесу ерекше символикалық болды, себебі ол Борис Григорьевичтің Қазақстан мен Ресейдің екі елінің Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған жылы өтті. Бұл оның талантына ғана емес, сонымен бірге поэзияның шекара білмейтіндігіне, халықтарды, мәдениеттер мен жүректерді біріктіретіндігіне де белгі. Кездесуде құттықтау сөз сөйлеген қала құрметті азаматтары, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі С. Кондыкерова және қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы И. Усинов Борис Власовқа ұлттық чапан тарту етті. Т. Дмитренко өз өлеңін ақынның шығармашылығына арнаса, «Родные напевы» халықтық орыс хорының әншілері В. Сумская мен Л. Борщ «Только мне все кажется» және «Гляжу в озера синие» әндерін орындады. Бард және гитарист П. Кофтунов «Любимой женщине» атты өзінің шығармасының әнін шырқады. Қатысушылар сондай-ақ әдеби қауымдастықта танымал ақынға айналған адамның өз аузынан поэзияны тыңдаудың ерекше мүмкіндігіне ие болды. Кездесу поэзияның — бәріне түсінікті, жүректің тілі екендігін тағы бір рет растап өтті. Біз Борис Григорьевичке шабыт бергені үшін, қонақтарға қатысқандары
үшін және осы жарқын кеште бізбен бірге болған барлық адамдарға алғыс айтамыз. Поэзия бізді біріктіре берсін!

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«День Победы: история и память» дөңгелек үстел Ақсу тарихи-өлкетану музейінде оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына, ардагерлер мен Отан қорғаушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Жеңіс күні: тарих және тағылым» «День Победы: история и память» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шарада Абай және Ы.Алтынсарин атындағы, лицей мектебі, №4, №7, №8 орта мектебінің оқушылары белсенді қатысып майданда соғысқан және тылда еңбек еткен жандарды еске алып, отбасында сақталған майданнан келген хаттары мен жеке заттардың тарихымен бөлісті. Қонақтарымыз Ғалым Сұлтанов пен Юрий Лаптюгов әскери борышы туралы қызықты сәттері туралы айтып берді. Ал «Родные напевы» халық ансамблінің солисті Нина Курташева, «Достар» ансамблінің солистері Успанова Амина мен Ерғали Расулбектің орындауында «Ты помни», «Туған жер», «Атамекен» әндерін паш етті.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы заңнамалық өзгерістер және оларды іске асыру мәселелері» республикалық форум Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы заңнамалық өзгерістер және оларды іске асыру мәселелері» атты республикалық форум жұмысына қатысты. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде (Астана қ.) өткен іс-шараға ескерткіштерді қорғау, тарих, археология және музей ісі саласындағы Қазақстанның жетекші мамандары жиналды. Ұлттық археологиялық қызметтің, жаппай археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың Ұлттық депозитарийінің қызметі, сондай-ақ археологиялық жұмыстар бойынша Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі мәселелері талқыланды.


