Халықаралық симпозиум Елордада «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтті. Ауқымды іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Симпозиум аясында музейіміздің бірегей жәдігері — Павлодар облысынан табылған XIII–XIV ғасырларға жататын күміс Бокка бас киімі таныстырылды. Алтын Орда дәуіріндегі ақсүйек әйелдер киген бұл сирек бас киім тарихшылар мен қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Өңіріміздің археологиялық мұрасын осындай жоғары халықаралық деңгейде таныстыру — біз үшін зор мәртебе!


