«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы заңнамалық өзгерістер және оларды іске асыру мәселелері» республикалық форум Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы заңнамалық өзгерістер және оларды іске асыру мәселелері» атты республикалық форум жұмысына қатысты. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде (Астана қ.) өткен іс-шараға ескерткіштерді қорғау, тарих, археология және музей ісі саласындағы Қазақстанның жетекші мамандары жиналды. Ұлттық археологиялық қызметтің, жаппай археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың Ұлттық депозитарийінің қызметі, сондай-ақ археологиялық жұмыстар бойынша Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі мәселелері талқыланды.


