- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Облыстық тарихи-өлкетану музейде №11 жалпы орта білім беру мектеп оқушыларына «Қазақ отбасылық дәстүрлері: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында дәріс өтті. Оқушылар отбасылық өнеге мен қазақ салт - дәстүрлерімен танысып, рухани жаңғыруға бағытталған патриоттық сезімдерінің өсуіне үлестерін қосты. Осындай ашық кездесулер, ұлт санасына, қазақ салт - дәстүрлерінің ескі мен жаңаны жалғап тұрған көпір екенін көрсетеді.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
«ERTIS» мультимедиялық музейінде №37 орта мектебі, Ж. Тәшенов атындағы мектеп оқушыларының қатысуымен «Неоген: Жер жадындағы дәуірлер» атты тақырыптық дәріс өтті. Іс-шара барысында оқушылар неоген дәуірінің ерекшеліктерімен, сол кезеңдегі табиғи өзгерістермен, жануарлар дүниесімен және Жердің геологиялық даму тарихымен танысты. Мультимедиялық экспозициялар мен көрнекі материалдар арқылы қатысушылар миллиондаған жыл бұрынғы табиғи орта мен тіршілік әлемі туралы қызықты мәліметтер алды. Танымдық дәріс оқушыларға Жер тарихына жаңа қырынан үңіліп, табиғаттың эволюциялық дамуы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Серебро в обрядах и верованиях казахов» тақырыбында этнографиялық дәріс өтті. Қатысушылар күмістің қазақ мәдениетіндегі орны, қасиеті мен символдық мәні, сондай-ақ ұлттық әшекейлердің ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер білді. Дәріс соңында Этнография залында қысқаша экскурсия өткізіліп оқушылар әшекейлер мен бұйымдармен танысты.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Д.П. Багаевтың музей-үйінде Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Отбасылық алтын кілт» квест-ойыны өтті. Кездесу дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға және өлкенің тарихи мұрасымен танысуға бағытталған.
Ойын барысында балалар қол жетімді және интерактивті түрде Багаевтар отбасының өмір салтымен, дәстүрлерімен және отбасылық құндылықтарымен танысты.
Музейдің әйгілі ескі павильонындағы эксклюзивті фотосессия жарқын аяқталды. Іс-шара қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады және отбасылық жылулық пен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектесті.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Екібастұз тарихи – өлкетану музейімен Қазақстан халқының тілдері күніне орай №33 мектептің 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Тілім менің – мәңгілік тақырыбым» атты музейлік сабақ өткізілді. Танымдық сабақта мақсаты мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіріп, оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,тілді құрметтеуге, ұлттық сана-сезімді нығайтуға тәрбиелеу

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Қазақстан дауыстары» атты көрме өтті. Көрме қатысушылардың Қазақстанның тілдік және мәдени алуантүрлілігі туралы түсініктерін кеңейтіп, еліміздегі түрлі мәдениеттердің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, көрме мәдени мұраны сақтау, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу мен насихаттаудың маңыздылығын айқындады.
- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Қазақстан халқының Тілдері күніне орай, 4 қыркүйекте «Ертіс» музейінде «Бір елдің үні» атты қызықты викторина ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға қазақ тілінің, халқымыздың тарихы, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын сақтаудағы маңызы туралы айтылды. Жасөспірімдерге ана тілін білу — тек білім емес, өз халқыңның өткенін тану, мәдениетін құрметтеу және болашаққа жауапкершілікпен қарау екені түсіндірілді. Ана тілін меңгеру жас ұрпаққа өз ойын еркін жеткізуге, білімін жетілдіруге, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға және қоғаммен белсенді араласуға мүмкіндік береді.

- Подробности
- Автор: SuperAdmin
Білім күніне орай Ақсу тарихи-өлкетану музейінде күнделікті өмірде қолданатын таныс заттарға өзгеше көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін «Әлемді өзгерткен өнертабыстар» атты танымдық көрме ашылды. Көрмеден әр дәуірге тиесілі заттарды көріп, адам ойының, жайлылыққа ұмтылыстың және жаңалық ашуға деген талпыныстың күнделікті өмірімізді қалай өзгерткенін байқауға болады. Бұл көрме бізге әрбір ұлы жаңалықтың бір кездері қызығушылықтан, қойылған сұрақтан және жаңа нәрсені білуге деген ұмтылыстан басталғанын еске салсын. Ал Білім күні — өзіңізді қайтадан зерттеуші ретінде сезініп, жаңа нәрсе ашуға тамаша мүмкіндік!


