Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«ERTIS» мультимедиялық музейінде №37 орта мектебі, Ж. Тәшенов атындағы мектеп оқушыларының қатысуымен «Неоген: Жер жадындағы дәуірлер» атты тақырыптық дәріс өтті. Іс-шара барысында оқушылар неоген дәуірінің ерекшеліктерімен, сол кезеңдегі табиғи өзгерістермен, жануарлар дүниесімен және Жердің геологиялық даму тарихымен танысты. Мультимедиялық экспозициялар мен көрнекі материалдар арқылы қатысушылар миллиондаған жыл бұрынғы табиғи орта мен тіршілік әлемі туралы қызықты мәліметтер алды. Танымдық дәріс оқушыларға Жер тарихына жаңа қырынан үңіліп, табиғаттың эволюциялық дамуы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.