Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі аймақтың басты арнасы «ЕРТІС» телеарнасының құрылғанына 60 жыл толуына орай «Павлодар телевизиясының тарихы» Павлодар телеорталығының алғашқы телебағдарламаларының эфирге шыққаны туралы тарихи мағлұматтарды М.Ж. Көпеев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 10-сынып оқушыларына телеарна басшысының орынбасары мен тележүргізушілер өз ойлары мен бөлісіп, кеңінен айтып берді. Оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтар қойды. Сонымен қатар, жаңалықтар мен әртүрлі ток-шоу өткізетін телестудияның қыр-сырымен танысты. Оқушылар барлығын өз көздерімен көріп, өте қызықты болғанын алғыстары арқылы жеткізді.

WhatsApp Image 2025 11 07 at 09.37.12WhatsApp Image 2025 11 07 at 09.37.25WhatsApp Image 2025 11 07 at 09.37.36


Ақын-импровизатор Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған «Иса Байзақов: Сарыарқа саңлағы» атты музейлік сабақ өткізілді. Шараға Екібастұз инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледж студенттері қатысты. Қалалық кітапхана кітапханашысы Байгаширова Н.Е. ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Ақынның "Қалдырған" әнің Жомарт Қабыкенов орындап, көрерменге рухани әсер сыйлады. Естай атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы "Желдірме" әнін шырқау өнерімен Ерназар Оралқайдар музейлік сабаққа үн қосты.

WhatsApp Image 2025 11 04 at 09.30.28WhatsApp Image 2025 11 04 at 09.30.16WhatsApp Image 2025 11 04 at 09.30.05


Әскери даңқ музейінде күзгі демалыс аясында мектеп оқушыларына «Ертіс-Баян өңірінің батырлары» атты кинолекторий өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар өңіріміздің даңқты батырларының ерлік жолымен танысып, деректі фильмдер мен тарихи материалдар арқылы олардың Отан алдындағы қайсар рухына қанықты.

WhatsApp Image 2025 11 04 at 09.24.20WhatsApp Image 2025 11 04 at 09.24.48WhatsApp Image 2025 11 04 at 09.24.36


Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Павлодар Ертіс өңірінің мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы заманауи цифрлық технологиялар» жобасының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті. Қарқынды өзгерістер дәуірінде материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтау қажеттілігі ерекше ескеріледі. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар бұл үшін жаңа мүмкіндіктер ашады-олар уақыттың бұзылуына ұшыраған құбылыстарды түсіруге, зерттеуге және болашақ ұрпаққа беруге мүмкіндік береді.

Жоба аясында музей қызметкерлері фотограмметрия әдісін қолдана отырып, ежелгі өнер нысандарын — тас мүсіндер мен жартастағы суреттерді цифрландырды, бұл олардың дәл 3D модельдерін жасауға және оларды ғылыми зерттеулерде, көрмелерде және білім беру бағдарламаларында қолдануға мүмкіндік береді.

Ш.Уәлиханов атындағы Алматы археология және этнография институтының өкілі 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия құжаттарының бірегей 11 томдық жинағын музейге сыйға тартуы іс-шараның ерекше оқиғасы болды. Бұл құнды мұрағат Отан тарихының күрделі және драмалық беттерін зерттеу бойынша музей жұмысында маңызды көмек болады.

WhatsApp Image 2025 10 30 at 16.49.10WhatsApp Image 2025 10 30 at 16.49.10 1WhatsApp Image 2025 10 30 at 16.49.10 3


Республика күніне орай Облыстық тарихи-өлкетану музейде «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным» тақырыбында патриоттық сабақ өтті. Бұл шараға Электроника және байланыс колледждің студенттері қатысты. Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздік жолы, жеткен жетістіктері, бейбітшілік пен бірлік құндылықтары кеңінен талқыланды.Студенттер белсенді қатысып, Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін білдірді.Сабақтың басты идеясы —«Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным!» Бұл сөздер әрбір жастың жүрегінен орын тауып, туған жерге деген мақтаныш сезімін оятты. Осындай іс-шаралар жастардың елжандылық рухын көтеріп, өткенді құрметтеуге, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиелейді.

WhatsApp Image 2025 10 24 at 11.51.03WhatsApp Image 2025 10 24 at 11.51.03 1WhatsApp Image 2025 10 24 at 11.51.03 2


«Ertis» музейінде Республика күніне арналған «Республика куні: казіргі замангы кезкарас жене тарихи манызы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, тарихшылар, саясаттанушылар және Павлодарлық студенттер қатысты. Қатысушылар мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның тарихи маңызы мен оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін, сондай-ақ қазіргі қоғамның дамуындағы өзекті мәселелерді талқылады. Спикерлер ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмнің маңыздылығын атап өтті. Бұл құндылықтар Республика күнінің негізін қалайды.

WhatsApp Image 2025 10 24 at 10.11.26WhatsApp Image 2025 10 24 at 10.11.26 2WhatsApp Image 2025 10 24 at 10.11.26 1


Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде Республика Күніне орай «Тарихтан тағылым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға тарих пән оқытушылары И.Т.Трухин және А.Б.Хайсин, ИнЕУ Екібастұз жоғары колледж студенттері, №12 мектеп оқушылары, мен «Қамажай» этно-фольклорлық ансамблі қатысты. Дөңгелек үстел аясында тарихшылар тарапынан тақырыптық баяндамалар ұсынып, еліміздің тәуелсіздігі, тарихы мен болашағы туралы өз ойларымен бөлісті. «Қамажай» этнофольклор ансамбілі мен «Өнер» мектебі тарапынан музыкалық номерлер ұсынылды.

WhatsApp Image 2025 10 22 at 13.11.53WhatsApp Image 2025 10 22 at 13.11.54 2WhatsApp Image 2025 10 22 at 13.11.52


Сіздердің назарларыңызға Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 190 жыл толуына арналған "Музей альманахының" жаңа нөмірін ұсынамыз.
Жыл бойы біздің музейде және оның филиалдарында осы күнге арналған іс-шаралар өтті. Олардың арасында дәрістер, экскурсиялар, музей сабақтары, ұлы зерттеушінің Отанына көшпелі экспедиция, көрме және Потаниннің өмірбаяны туралы бейнеролик болды. Осы іс-шаралардың барлығы өңір тұрғындары үшін танымдық және пайдалы болып шықты. Олар көрнекті зерттеуші туралы білімді кеңейтуге, туған өлкенің тарихына деген қызығушылықты арттыруға және ғылыми мұраға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті. Журналды біздің сайтта "Музей альманахы" айдарымен танысуға болады.

Сборник Потанина постраничноСборник Потанина постранично4Сборник Потанина постранично2