Қазақтың ұлттық оюы — тарихтың белгісі ғана емес. Ол бүгінгі сәнде де өз үнін таба алады. «Ертіс» музейінде павлодарлық шебер әрі кәсіпкер Динара Жанбаеваның «Қолдың сыры – өнердің жүзі» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде табиғи былғарыдан жасалған авторлық сөмкелер, аксессуарлар және ұлттық нақыштағы заманауи киімдер ұсынылды. Шебер туындыларында дәстүр мен заманауи дизайнды үйлестіріп, ұлттық өнерге жаңа тыныс береді. Көрме 23 қыркүйек – 7 қазан аралығында Есенәлиев көшесі, 2 мекенжайындағы «Ертіс» музейінде жалғасады. Келіңіздер, көріңіздер, ұлттық өнердің заманауи тынысын бірге сезініңіздер!


