Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары Халықаралық жануарларды қорғау Күніне орай мектеп оқушыларына «Ежелгі алыптардан дала мекендеушілеріне дейін: Павлодар облысы жануарларының тарихы» атты музей сабағын өткізді. Оқушылар өлкеміздің ежелгі жануарларымен, Павлодар Ертіс өңірінен табылған палеонтологиялық олжалармен танысты. Музей жәдігерлері арқылы балалар миллиондаған жылдар бойы өңірдің жануарлар дүниесінің қалай өзгергенін білді. Сабақ алыстағы өткен кезеңнен бастап бүгінгі Павлодар облысының табиғатына дейінгі қызықты саяхатқа айналды.