Ақсу тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері лицейде Бақытжан Момышұлының туғанына 85 жыл толуына арналған «Ұлы жазушының ізбасары» атты дәріс өткізді. Іс-шараға лицейдің 6-сынып оқушылары қатысты. Дәріс барысында оқушылар Бақытжан Момышұлының өмірі, шығармашылық мұрасы және әдеби қызметімен танысты. Оқушыларға жазушы туралы қызықты деректер, оның шығармалары және шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі маңызы туралы мәліметтер ұсынылды.


