Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Д.П. Багаевтың музей-үйінде Мақсат Нәбиевтің «Жарық пен сезім арасында» атты жеке көрмесі ашылды. Көрмеде мерекелік репортаж жанрын жоғары бейнелеу өнері деңгейіне көтеретін бірегей үйлену кадрлары ұсынылды.
Көрме көрерменді үйлену тойының қарбалас оқиғаларының «сахна сыртына» үңілуге және әдетте көзге түсе бермейтін сәттерге — лездегі жанасуларға, жасырын көзқарастарға, қуаныш жасына әрі қарым – қатынастағы таза әрі шынайы үйлесімге куә болуға шақырдық. Әрбір фотосурет — жаңа махаббат хикаясының басталар сәтіндегі нәзік шақты бейнелейтін жарық пен көлеңкенің шебер үйлесімі. Көрме 1 қарашаға дейін жалғасады.