- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2025 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 15:00-де Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Жұлдыздар осылай жарқырайды» атты балалар көркемсурет мектебінің 2024-2025 жылғы түлектерінің дипломдық жұмыстары көрмесінің тұсаукесері өтеді. Көрмеге 74 жұмыс қойылған, оның ішінде кескіндеме (портрет, натюрморт, пейзаж, композиция), сондай-ақ графика, батик, стеймпанк, сәндік-қолданбалы өнер жанрлары бойынша. Жас таланттардың өнерін тамашалауға шақырамыз!

- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 12:00-де Майра Шамсутдинова атындағы ән өнер шығармашылық музей-үйінде Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби музейі тарапынан ұйымдастырылатын әнші-композитор Майра Шамсутдинованың 135 жылдығына арналған «Ақынның өшпес мұрасы» атты жылжымалы көрменің ашылуы өтеді.
Ертіс-Баян өңірі – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан талай дарынды тұлғаларды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Солардың бірі – қазақ ән өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген дара тұлға, талантты әнші-композитор, халқымыздың ардақты перзенті Майра Уәлиқызы Шамсутдинова. Биыл ұлт руханиятына үлкен мұра қалдырған өнер иесінің туғанына 135 жыл толып отыр. Майра Уәлиқызы 1909–1910 жылдары қазіргі Талдықорған қаласына қарасты Қарағаш ауылындағы «Мамания» мектебінде ұстаздық еткен. Сол кезеңде болашақ ақын, Алаштың жарық жұлдызы Ілияс Жансүгіровпен жүздесіп, оған ақ батасын бергені тарихи деректерден белгілі. Осы тарихи сәтті ұлықтау және екі өңір арасындағы рухани байланысты нығайту мақсатында І.Жансүгіров атындағы әдеби музейдің «Ақынның өшпес мұрасы» атты жылжымалы көрмесі Павлодар қаласына келді. Көрме аясында келушілер ақын І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына қатысты сирек кездесетін түпнұсқа жәдігерлермен, оның жеке заттары мен қолжазбаларымен таныса алады. Бұл бастама жастарға тағылым беріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды мәдени іс-шара болып табылады.

- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу тарихи-өлкетану музейі отбасы Күніне орай «Отбасы өмір аясы» дөңгелек үстелі өткізілді. Іс-шараға қаламыздың жас қолөнер шебері, республикалық «Ұлттық киім – ұлт ажары» ұлттық киімдер байқауының бас жүлдегері Г.Коксынова қатысты. Жаяу Мұса атындағы жоғары көпсалалы колледжінің студенттеріне отбасы мен отбасылық құндылықтар туралы, қамқорлық пен сүйіспеншілік, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу туралы айтылды. Қолөнер шебері отбасының дәстүрі мен құндылығына айналған қолдан жасалған ұлттық әшекей бұйымдарын ұсынды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2025 жылғы 17 қыркүйек сағат 15.00 Г.Н. Потанина атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде көшпелі көрменің ашылуы өтеді.
Көрнекті қазақ ғалымы, ағартушы-демократ, тарихшы, этнограф және фольклоршы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай (Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі МКҚК-ға қарасты) Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінің қорынан «Шоқан Уәлиханов:Ұлы тұлға мұрасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылады.
Көрме үш бөлімнен тұрады:
І бөлім «Тектіліктің бастауы»
Шоқан Уәлихановтың арғы аталары Абылай ханнан тараған әулет шежіресі. Әкесі Шыңғыс Уәлиханов,Айғаным әжесінің және бауырларының фото суреттері қойылады.
ІІ бөлім «Шоқанның өмірі мен ортасы»
Ғалымның жеке заттары және отбасы тұтынған заттары: Парша белбеу, тапанша, ІV- ші дәрежелі әулие Владимер ордені, мыс табақ, күміс қасық, бұрыш ұнтақтағыш ұсынылады.
ІІІ бөлім «Ғалым және саяхатшы»
Қазақстан, Қырғызстан, Қашғария экспедицияларына байланысты деректер.
Экспедициялық жол карталары, қолжазбалар мен зерттеу материалдары.
Сапар кезіндегі этнографиялық жәдігерлер мен суреттер.
Ғалымның ғылыми еңбектерінің көшірмелері.
Көрме 2025 жылғы 17 -18 қыркүйек күндері жұмыс істейді.

- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2025 ж. 16 қыркүекте, «Ertis» музейінде, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы жәдігерлерінен ұйымдастырылған «Түркістан. Мыңжылдықтар сәулесі» атты көшпелі көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Көрменің мақсаты - Түркі халықтарына ортақ ұлы ғұлама - Қожа Ахмет Ясауидің тарихи болмысы мен мұраларын ұлықтау, шәкірттері мен олардың еңбектерін таныту. Сонымен қатар, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қорындағы қайталанбас ерекше заттай жәдігерлерді көпшілік назарына ұсыну, дәріптеу, насихаттау.
Көрмеде, Түркістан оазисі қалаларының тарихы - Шербай, Шпан қорымдарынан табылған археологиялық материалдар мен Шауғар-Шойтөбе, Ясы-Күлтөбе қалаларының тарихи жәдігерлері, Қожа Ахмет Ясауидің туған және өскен Сайрам-Исфиджаб, Ясы-Түркістан қалалары мен Ясауи шығармалары, ұстаздары мен шәкірттері, ізбасарлары туралы тарихи деректер, Ясауи кесенесінің салыну тарихы, ондағы сирек кездесетін бірегей тарихи мұралар туралы ақпараттар беріледі.
Көрмеде «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің негізгі қорынан 90 экспонат ұсынылады.

- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Д.П. Багаев музей-үйінде Виктор Горбуновтың «Жизнь и события» фотокөрмесінің тұсаукесері өтті. Суреттерде әр кадрда тыныс алғандай Алматының айбынды да жанды табиғаты бейнеленген. Портреттер шынайы, терең, кейіпкер мен эмоцияны бейнелейді. Спорт серпінді, қозғалыста, бәрі шешілетін сәтте. Көрме өткен мен бүгіннің, көрермен мен фотографтың қызу диалогына айналды. Кештің атмосферасы жылы, шынайы, шығармашылық қарым-қатынас пен өмір туралы терең ойларға толы болды. Д.П. Багаевтың үй-музейі тағы да фотосуретті өнер ретінде және маңыздысы туралы айту тәсілі ретінде бағалайтындар үшін тартымдылық нүктесіне айналды. Сол кеште бізбен бірге болғандардың барлығына рахмет! Көрме бір айға созылады.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Қазақстан халқының тілдері күніне орай №33 мектептің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл ғұмыры ұлт ғұмыры» атты танымдық сабақ өтті. Танымдық сабақта мақсаты мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіріп, оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,тілді құрметтеуге, ұлттық сана-сезімді нығайтуға тәрбиелеу.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Биыл Қазақстан тәуелсіз, құқықтық әрі қазіргі мемлекеттің негізін қалаған Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толуын атап өтуде. Осы күнге орай «Ertis» музейінде «Құқықтық мемлекетке апарар жол: Қазақстан Конституциясының тарихы» атты көрме ашылды, онда еліміздің конституциялық жүйесі кезең-кезеңімен қалай дамығанын анық байқауға болады. Көрмеде Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатынан сирек кездесетін құжаттар, сондай-ақ С.Торайғыров атындағы кітапханадағы кітаптар ұсынылған.




