Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Халықтар достығы-ел бірлігінің негізі» дөңгелек үстел Шарбақты тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Халықтар достығы-ел бірлігінің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс – шараға «Нұр-ана әлемі» филиалы, украин этномәдени бірлестігінің «Барвинок» тобы және ЩАТК студенттері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар түрлі ұлт өкілдерінің дәстүрлері мен мәдениетін құрметтей отырып, татулық пен бірліктің маңыздылығын атап өтті. Смаилова А.С. «Босаға майлау» дәстүрі туралы қызықты мәлімет берді. «Нұр-ана әлемі» өкілдері ән орындап, Делль В.А. өз өлендерін оқыды. Ал «Барвинок» тобы украин халық әндерін шырқап, гүлден тәж өру дәстүрін таныстырды. Бұл шара халықтар арасындағы достықты нығайтып, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің жарқын көрінісіне айналды.

WhatsApp Image 2026 04 30 at 15.57.52 WhatsApp Image 2026 04 30 at 15.57.52 1 WhatsApp Image 2026 04 30 at 15.57.53