Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Қарулы Күштер — Отан қорғаушыларға тағзым» кездесу Отан қорғаушылар күніне орай ЕКібастұз тарихи – өлкетану музейімен «Қарулы Күштер — Отан қорғаушыларға тағзым» атты мерекелік патриоттық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР ІІМ Күзет қызметі бақылау комитеті Павлодар облысы МКҚБ ММ 2-ші ішкі істер басқармасының өкілдері арнайы қонақ ретінде қатысты. Ел алдындағы борышын адал өтеген азаматтардың құрметіне Естай атындағы балалар музыка мектебінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Атап айтқанда, Әлібек Ерасыл «Қазақстан» әнін, ал Совет Нұрсәт «Ұлы дала» туындысын орындап, көрермен ілтипатына бөленді.

WhatsApp Image 2026 05 08 at 09.29.02 WhatsApp Image 2026 05 08 at 09.29.02 1 WhatsApp Image 2026 05 08 at 09.29.02 2