- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Биыл Қазақстан тәуелсіз, құқықтық әрі қазіргі мемлекеттің негізін қалаған Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толуын атап өтуде. Осы күнге орай «Ertis» музейінде «Құқықтық мемлекетке апарар жол: Қазақстан Конституциясының тарихы» атты көрме ашылды, онда еліміздің конституциялық жүйесі кезең-кезеңімен қалай дамығанын анық байқауға болады. Көрмеде Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатынан сирек кездесетін құжаттар, сондай-ақ С.Торайғыров атындағы кітапханадағы кітаптар ұсынылған.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Конституцияның 30 жылдығына орай «Ата Заң – бейбітшілік, тұрақтылық пен берекенің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел түрлі сала өкілдерінің басын қосты, олар еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, МКҚБ полициясының екінші батальонының қызметкерлері. Негізгі Заңды білу мен құрметтеу - ел дамуына жасалған маңызды қадам екенін атап өтті, еліміздің бірлігі мен дамуының маңыздылығын талқылады. Достық Үйінің «Асыл әжелер», «Славяночка» және «Красуни» ансамбльдері, сондай-ақ, талантты орындаушы Амандық Батайұлы мерекелік көңіл-күй сыйлады.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Д.П. Багаевтың музей-үйінде Павлодарда 1905 жылы көрнекті фотосуретші және өлке шежірешісі Дмитрий Поликарпович Багаев ашқан алғашқы фотосалонның құрылғанына 120 жыл толуына орай «Д.П. Багаевтың фотосалоны» фотокөрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге фотографтың павлодарлық фотосалонында жасаған түпнұсқа фотосуреттері кіреді. ХХ ғасырдың басындағы бұл бірегей суреттер-сол кездегі павлодарлықтардың тарихының, тұрмысы мен өмір салтының жанды дәлелі. Келушілер сол дәуірдің атмосферасын сақтап қалған сирек кездесетін портреттер, жанрлық көріністер мен деректі кадрларды тамашалай алады. Көрменің мақсаты-шеберге құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар фотосуреттің тарихи дерек көзі және көркемдік құбылыс ретіндегі маңыздылығын еске түсіру. Көрме 20 тамыздан 10 қыркүйекке дейін көпшілікке ашық болады.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіде өлкетанушы Қалмұқан Исабайдың 100 жылдығына арналған “Қарымды қаламгер” өлкетанушылардың кездесуі өтті. Музей қорынан көрме дайындалды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи-өлкетану музейі мен «Ceramista» керамика шеберханасының бірлесуімен «Саз балшық креативі» атты шеберлік сабағы өткізілді. Шара барысында әр түрлі жастағы балалар өз қиялдарына ерік беріп, жүрекше мен бұлт тәрізді креативті бұйымдар жасады. Бұл шеберлік сабағы қатысушыларға балшықпен жұмыс істеудің ерекше атмосферасын сезініп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылғанына 40 жыл толуына арналған көрменің ашылуы өтті. Көрме Баянауыл тауларының бірегей пішіндерімен, бай жануарлар мен өсімдіктер әлемімен, тарих пен халық аңыздары тоғысқан өлкесін бейнелейді. Музей көрмені жасауға көмектескен БМҰТП қызметкерлеріне, «Павлодар география үйі» ҚБ-на, фотограф Каримжан Жакеновке алғысын білдіреді. Көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Мерейтойыңмен, Баянауыл паркі! Баршаңызды көрмеге шақырамыз!



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, композиторы Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл халқымыздың рухани көшбасшысы атанған Абайдың туғанына 180 жыл толып отыр. Абай – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, «Қара сөздер» авторы, ұлттық мәдениет пен білімнің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Оның мұрасы – бүкіл адамзатқа ортақ қазына.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Оның «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.




