Павлодар көркемсурет колледжінің көрмесі. «Ertis» музейінде Павлодар көркемсурет колледжінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық көрменің ашылуы өтті. Іс-шара барысында қонақтар колледждің қалыптасу тарихымен танысып, студенттердің алғашқы шығармашылық эскиздерінен бастап танымал түлектердің кәсіби туындыларына дейінгі жұмыстарды қамтитын экспозицияны тамашалады. Салтанатты іс-шара барысында оқу орнының қалай қалыптасты, дамыды және білім беру бағыттары мен жетістіктері туралы айтылды.


