- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Әскери даңқ музейінде "Ауғанстандағы ер іздері"атты ерлік сабағы өтті. Ауған соғысының ардагерлері Усембаева Айша Жұмашқызы мен Яценко Сергей Борисович шақырылды. Іс-шараға Машина жасау колледжінің бірінші курс студенттері қатысты. Ерлік сабағы жас ұрпақты патриотизмге, батылдық пен ерлікке тәрбиелеуге бағытталған.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи – өлкетану музейімен Ауғанстаннан әскерлердің шығарылған күніне орай «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Ауған соғысының отында қалған екібастұздықтар» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Ауған соғысының ардагерлері Байбешов Нұрмахан Мирзабаевич, Жұмиров Ахмет Елубаевич, Волков Александр Владимирович, Машак Сергей Николаевич және Мукатаев Жұмат Нұғытаевич өздерінің қиын да жауапты әскери қызметі туралы әңгімелеп берді. Балалар қонақтарға арнап концерттік бағдарлама дайындап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кеш соңында қатысушылар аты аңызға айналған қолбасшы — Борис Төкенұлы Керімбаев туралы фильм тамашалады. Осындай кездесулер жас ұрпақты тарихқа құрметпен қарауға, Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлығын қадірлеуге тәрбиелейді.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Майра музейінің құрылғанына 25 жыл толуына орай «Майра музейі – Тарихи 25» атты жылжымалы көрме Шарбақты ауданы тарихи-өлкетану музейінде өтті. Бұл шара мәдени мұраны дәріптеп, көпшілікке тарихтың терең тағылымын ұсынды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Халық музыкасы және ұлттық аспаптар» атты этнографиялық сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының бай музыкалық мұрасын таныстыру және оқушылардың рухани-мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттыру. Танымдық сағатта домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы, даңғыра секілді қазақтың дәстүрлі музыкалық құралдары туралы мәлімет беріліп, олардың шығу тарихы мен ерекшеліктері таныстырылды. Шара оқушылардың ұлттық мәдениетіне деген құрметін арттырып, халқымыздың өнеріне деген сүйіспеншілігін нығайта түсті.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2026 жылдың 11 ақпанында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Біздің әйгілі жерлестеріміз Әуезов театры сахнасында» атты көрмесі ашылды. Көрме Мухтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына және осы театр сахнасында өнер көрсеткен атақты жерлестерімізге арналған.
Көрмеде Ш. Аймановтың сахналық киімдері, театр актерлерінің фотосуреттері, М. Әуезов атындағы Ұлттық театр мен Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының афишалары ұсынылған.
Көрменің ашылуына Ж. Аймауытов атындағы Қазақ музыкалы драма театрының басшысы Арман Темірбек,зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, тарихшылар, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу тарихи-өлкетану музейінде тігін машиналарының тарихына арналған танымдық іс-шара өтті. №7 мектептің оқушылары тігін машиналарының уақыт өте қалай өзгергенін, әр дәуірде қолданылған технологияларды және олардың отбасы тұрмысындағы маңызды рөлін білді. Көрме экспонаттары өткен кезеңнің атмосферасын сезінуге, тарихқа жақынырақ үңілуге мүмкіндік берді.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
№ 5 ЖОББМ мектебінде музей ұйымдастырған көшпелі этнографиялық көрме өтті. Көрме қазақ халқының дәстүрлері, тұрмысы мен мәдениеті әлеміне жасалған шынайы саяхатқа айналды. Оқушылар экспонаттарды үлкен қызығушылықпен тамашалап, сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті. Мұндай көрмелер оқушылардың білімін кеңейтіп, халық мәдениетіне деген қызығушылықты арттырады.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу тарихи-өлкетану музейінде «Тігін машиналарының түрлері» көрмесі басталды. Тігін машинасы — жай ғана тұрмыстық құрал емес, ол өз дәуірінің шынайы куәгері. Музейімізде ондаған жылдар бойы технологияның, дизайнның және қол еңбегіне деген көзқарастың қалай өзгергенін көруге болады. Өткенге үңіліп, сол заманның әйелдері қалай тігін тіккенін көруге баршаңызды шақырамыз.




