Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ұлттық валюта күніне орай музейде "Ұлттық валюта-тәуелсіздік символы" атты танымдық іс-шара өтті. Қонақтар теңгенің шығу тегі мен тарихы, азаматтардың өміріне әсері және ұлттық валютаның туған Қазақстанның тәуелсіздігімен өзара байланысы туралы қызықты фактілермен танысты. Қызықты сәттердің бірі теңгенің тарихына арналған көрме, онда көне монеталар мен банкноттар топтамасын көруге, сондай-ақ ұлттық валютаның қалыптасу кезеңдерімен танысуға болады.

WhatsApp Image 2024 11 14 at 15.32.16 1WhatsApp Image 2024 11 14 at 15.32.17WhatsApp Image 2024 11 14 at 15.32.16


Д.П. Багаев музей қостанайлық фотосуретші Яннис Мармалидидің «Грани» атты жеке фотокөрмесі ашылды. Көрмеде 30-дан астам жанрлық жұмыстар ұсынылды. Яннис Мармалиди мәдениет саласында, Қостанай филармониясында жұмыс істейді. Оның фотосуреттерінің кейіпкерлері көбінесе шығармашылық адамдар: суретшілер, музыканттар, бишілер, ақындар. Фотосуреттер таң қалдырады, оларды ұзақ қарап, сүйсініп, салыстырғың келеді. Іс-шараға кәсіби фотосуретшілер мен шығармашылық зиялы қауым қатысты. Көрме 31 қарашаға дейін жалғасады.

WhatsApp Image 2024 11 14 at 16.56.31 4WhatsApp Image 2024 11 14 at 16.56.31WhatsApp Image 2024 11 14 at 16.56.31 2


Әскери Даңқ музейінде мектеп оқушыларына арналған «Ерлік толы даламыз, батыр біздің бабамыз» атты ерлік сабағы өтті. Шарада оқушыларға 1916 жылдың Ұлт азаттық көтерілісінің қолбасшысы Амангельды Иманов жайлы деректі бейнежазба мен презентация көрсетілді.

WhatsApp Image 2024 11 14 at 14.56.25WhatsApp Image 2024 11 14 at 14.56.21

«Ertis» музейінде Павлодар облысының өлкетанушыларының қатысуымен «Менің туған өлкем» дөңгелек үстелі өтті, өлкетану, ескерткіштерді қорғау бойынша өзекті мәселелер, сондай-ақ алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды. Іс-шараға өлкетанушылар, ғалымдар, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2024 11 14 at 09.19.18WhatsApp Image 2024 11 14 at 09.19.20WhatsApp Image 2024 11 14 at 09.19.20 1


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде балалар көркемсурет мектеп түлектері дипломдық жұмыстарының «Жұлдыздары жанған күн» атты көрменің тұсау кесері өтті. Көрме Қазақ КСР-інің халық суретшісі Нағым-Бек Нұрмұхаммедовтың туғанына 100 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылуда.

123


12 қарашада «Ertis» мультимедиялық музейінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне арналған «Теңгенің төл тарихы» атты көрменің ашылуы өтті. Бұл іс - шара еліміздің егемендігі мен экономикалық тәуелсіздігінің символы - теңгенің қалыптасу тарихына қызықшылық білдіретін қонақтар мен мамандарды бірлестірді. Көрмеде ұлттық валютаның дамуы мен эволюциясын көрсететін жеке коллекциялардағы экспонаттар ұсынылған. Шақырылған қонақтардың сөз сөйлеуі келушілерге елдің қаржы жүйесінің дамуы туралы көбірек білуге, сирек кездесетін монеталармен және вексельдермен танысуға, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы теңгенің символдық рөлін талқылауға мүмкіндік берді.
Көрме 30 қарашаға дейін жалғасады.

WhatsApp Image 2024 11 13 at 09.14.08 1WhatsApp Image 2024 11 13 at 09.14.09 1WhatsApp Image 2024 11 13 at 09.14.07


Қазақ балалар ақыны, журналист, өлкетанушы Мүбарак Жаманбалиновтың 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бір бәйтерегі» тақырыбында Абай атындағы ЖОББМ – де поэзия кеші өтті. Шараға аталған мектептің 6 – сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында ақынның өмір тарихынан мағлұмат берілді. Балалар ақынның «Ай мен күн», «Түйе бойына сеніп, Жыл басынан құр қалды» ертегілерін тамашалады. Сонымен қатар, оқушылар ақынның бірқатар өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып берді. Шара соңында кітапхана қорынан шағын кітап көрмесін ташалады.

IMG 20241108 WA0098IMG 20241108 WA0091IMG 20241108 WA0092


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Жұмағали Қоғабайдың 75 жылдығына арналған «Жаңбырлы күн» бенефисі өткізілді. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 сынып оқушылары таңғажайып ақынмен кездесті. Ақын өз шығармаларын таныстырып, өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Жұмағали Бижанұлының өлеңдерін тыңдап, көптеген сұрақтар қойылды. Кеш қызықты, танымдық, ашық және шабытты өтті.

4b0cfb19 cc21 496b 800b cdc4c2c21e882bae0cb1 8da4 4eaf 9a14 63bd9c244f449b5fdeac 9e6b 4d11 9ba9 799b4795e4c1