Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Қазақ поэзиясында кейбір есімдер уақыт өткен сайын биіктей береді. Олар туралы айтқанда «ақын» деу аздық етеді — олар тұтас дәуірдің үніне айналады. Солардың бірі – Мұқағали Мақатаев. Ақын, жазушы Мұқағали Мақатаевтың 95-жылдығына орай №1 жалпы орта білім беретін гимназиялық сыныптары бар мектептің  оқушыларына «Мұқағали әлемі» атты музейлік сабағы өтті. Сабақ барысында қатысушыларға ақынның өмір жолы, әдеби мұрасы және қазақ руханиятындағы орны туралы жан-жақты ақпарат берілді. Музейлік сабақтың мақсаты – жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және поэзия арқылы рухани тәрбие беру.

WhatsApp Image 2026 02 19 at 09.55.52WhatsApp Image 2026 02 19 at 09.56.09WhatsApp Image 2026 02 19 at 09.56.22