Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастыруымен «Ұлт өнері – ұрпаққа өнеге» атты киіз басу өнерінен шеберлік сабағы өтті. Шараға киіз басу шеберлері, «Ғибрат әжелер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және «Нұр Ана Әлемі» ҚБ қолөнершілері – Галия Балтабаевна Сунгатова, Күнкей Қабиевна Резуанова, Жібек Ануарбековна Маханова қатысып, ұлттық қолөнердің қыр-сырын таныстырды. Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия оқушылары үшін бұл тағылымды әрі шығармашылыққа толы кездесу болды.




