Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Сиқырлы құмыра» көрмесі ашылды, онда Г.Н. Потанин Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіның және Ақсу тарихи-өлкетану музейі қорынан құмыралар бірегей коллекциясы ұсынылды. Біздің облыстың аумағында археологтар әртүрлі дәуірлерге жататын ыдыстарды жиі табады. Көрмеде андронов мәдениетіне, қола дәуіріне және сақ кезеңіне жататын құмыралар мен ыдыстарды көруге болады. Көрменің археологиялық бөлігінің үздік экспонаттары Железин ауданынан табылған неолит кезеңінің бірегей құмыралары болып табылады. Біздің көрмеде 70-тен астам әр түрлі елдер мен халықтардың ыдыстарының түрлері ұсынылған, көптеген экспонаттар алғаш рет қойылды.

IMG 8676IMG 8611IMG 8698


Шарбақты тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері "Музей әлемімен танысу" тұсаукесер циклін іске қосты, оның шеңберінде Шарбақты ауылының № 2 ООШ "Палеонтологиялық экспонаттар", экспонаттар панорамасы (Шарбақты музейінің қорларынан) әңгімелесумен болды. Шарбақты ауданының аумағында өмір сүрген мұз дәуірінің жануарлары туралы тарихи ақпаратты қызығушылықпен тыңдаған № 2 ЖБББМ 6 сынып оқушылары ризашылық білдірді.

WhatsApp Image 2025 01 14 at 09.49.41WhatsApp Image 2025 01 14 at 09.49.43 1WhatsApp Image 2025 01 14 at 09.49.43


Ұлттық ұлан күніне орай, "Ertis" музейде патриоттық сағат өтті. Қонақтар Ұлттық ұланның қызметі, жетістіктері және елдегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлі туралы ақпаратарымен бөлісті. Шараның шынайы сәні – 5512 әскери бөлімінің әскери оркестрінің Ұлттық ұланның Әнұранын орындауы болды.

WhatsApp Image 2025 01 14 at 09.42.10 3WhatsApp Image 2025 01 14 at 09.42.10 1WhatsApp Image 2025 01 14 at 09.42.11



Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, поэзия падишасы, публицист, сыншы, драматург, есімін туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ- нің кітапханасында оқушыларға «Қазақтың дана Қадыры» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара аясында жазушының өмірі мен шығармашылық туралы мағлұмат беріліп, өлеңдері оқылды. Ақынның сөзіне жазылған «Өз елім», «Тамаша», «Асыл әжем» әндері тыңдалды. Өмір жолынан бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар кітапхана қорынан жазушының  кітап көрмесі оқушылар назарына ұсынылды.

IMG20250109154615IMG20250109154645IMG20250109150941

Шарбақты тарихи-өлкетану музейіндегі бөлімшесінің қызметкерлері Орталық аудандық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп психологиялық түзету орталығының балаларына «Жаңа жылдық шытырман оқиға» атты жаңа жылдық шырша өткізді. Балалар «Нысанаға қар кесекпен тигіз», «Шыршаны безендірейік» ойындарын ойнады. Шеңберде билеп, тақпақ айтып, шыршадағы ойыншықтарға атады, тәтті сыйлықтармен марапатталды. Бізге әсіресе «Қайталау» билеріне қатысу ұнады. Мереке соңында Аяз ата мен Ақшақар жаңа жылдық сыйлықтарын таратты.

01d1110b 257e 41aa b311 b01761693ebf1аb69a0d3e d7fb 4851 9592 2cb0eb5c6829


Ақсу тарихи-өлетану музейінде ақын, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет громаталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық ақыны Фариза Оңғарсыноваға арналған «Поэзия падишасы – Фариза» атты еске алу кешімөткізілді. Іс-шарада Ы. Алтынсарина атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары белсенді қатысып, Ф. Оңғарсынованың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысып, И. Ибраева, А. Қабденова, А. Еркембек, А. Берикова, А. Ерсинова және Б. Багданов өлендерін мәнерлеп оқып берсе, караоке бойынша Ф. Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Достар» әнің орындады.

IMG 20241225 153704IMG 20241225 150025IMG 20241225 145112


«Ertis» музейінде балаларға арналған «Музейдегі шырша» жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Аяз Ата мен Ақшақар балаларды ертегі арқылы сиқырлы саяхатқа шақырған қызықты театрландырылған қойылымнан басталды. Іс-шара барысында балалар түрлі байқауларға, ойындарға қатысты. Ертеңгілік соңында әр балаға Аяз Атадан тәтті сыйлықтар таратылды. Балалардың қуанышты жүздерінен шынайы күлкілері жаңа жылдық сиқырлық атмосферасын жасады. Осындай ертеңгіліктерді өткізу мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған музейдің жақсы дәстүріне айналды.

WhatsApp Image 2024 12 25 at 17.11.31WhatsApp Image 2024 12 25 at 17.45.05WhatsApp Image 2024 12 25 at 17.13.47


1954 жылғы 25 желтоқсан - Екібастұздың өмірбаянындағы тарихи күн. Бұл күні экскаватор машинисі Николай Николаевич Колотев алғашқы теміржол құрамын көмірмен тиеді. Екібастұз тарихи – өлкетану музейі көмір кен орнының 70 жылдығына «Кенші – өз елінің батыры» кездесу кешін ұйымдастырды. Шараға көмір саласының ардагерлері мен Екібастұз политехникалық колледж студенттері қатысты. Осындай мерейтойға құттықтауларын Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н.Макраев, Екібастұз қаласының құрметті азаматы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Рамазанов, Екібастұз қаласының құрметті азаматы А.Т. Кузнецова, көмір өнеркәсібінің еңбек ардагері А.Чалбышев, Қазақстанның Еңбек Ері Р.Әміренов, «Екібастұзшахтоқұрылыс» комбинатының ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Шагияхметов жолдады. Іс-шара «Замандастар - Құрдастар», «Барыни Сударыни» вокалдық ансамблі, «С песней по жизни» хорының орындауындағы музыкалық қойылымдармен жалғасты.

503214d3 af36 4bd0 84bc 89111f7b82d039cd8ab5 4a63 45df a89e 8b3c87c4995dea58f26b 8df5 4131 9abf 450da3c5f361