Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты В.Ф. Гаврюшиннің туғанына 95 жыл толуына арналған еске алу кеші ұйымдастырылды. Іс-шара көмір саласының ардагерлерін, әріптестерін, қоғам өкілдері мен жастарды біріктірді. Жылы әрі шынайы атмосферада қатысушылар Василий Фроловичтың өмірлік жолын, көмір өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесін еске алып, оның кәсібилігі, принципшілдігі және шахта еңбегін құрметтеу туралы айтты. Кездесу барысында әріптестерінің, достарының, туыстарының естеліктері тыңдалып, музей қорынан оның еңбек қызметінің кезеңдері мен саланың дамуына қосқан үлесін көрсететін мұрағаттық фотосуреттер мен материалдар ұсынылды.




