- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Соңғы уақытта «Е - Өтініш» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына мемлекеттік қызметтер көрсетуге халықтан өтініштердің келіп түсу фактілері жиілеп кетті. Естеріңізге сала кетейік, «Е - Өтініш» платформасының функционалы өңір халқына мемлекеттік қызметтерді тіркеу және көрсетудің бизнес-процестерін көздемейді.
Сондай-ақ, ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69-бабына сәйкес ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, жарнамасы бар ұсыныстар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер есепке алынбайды.
Жоғарыда аталған ерекшелікке мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттік корпорацияның (ХҚКО) және (немесе) оның қызметкерлерінің өз кезегінде «Е - Өтініш» жүйесінде дереу тіркеуге және қарауға жататын мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану мәселелері туралы азаматтардың өтініштері жатады.
Бүгінгі күні облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтердің 174 түрін көрсетеді, оның 160 түрі электрондық форматта көрсетіледі, көп жағдайда электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға өтінімді «Электрондық Үкімет» порталы және оның онлайн сервистері арқылы, сондай-ақ «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
Сондай-ақ, халыққа ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің салалық порталдары жұмыс істейді, атап айтқанда:
- денсаулық сақтау саласында - «ДамуМед», «ИнфоМед» порталы және мобильді қосымшасы;
- білім беру саласында - «Балабақша», «Индиго», «Е-Портфолио» платформалары;
- халықты жұмыспен қамту саласында - «enbek.kz» электрондық еңбек биржасының порталы;
- әлеуметтік қорғау саласында - «aleumet.egov.kz» әлеуметтік қызметтер порталы;
- лицензиялау және рұқсаттар саласында - «Е-Лицензирование» порталы;
Құрметті облыс тұрғындары, егер сіз мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсініктеме алғыңыз келсе немесе мемлекеттік органдардың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданғыңыз келсе, онда сіз «Е - Өтініш» порталы арқылы жүгінуіңіз қажет.
Мемлекеттік қызметті алуға өтініш беру үшін сізден «Электрондық үкімет» веб-порталын немесе тиісті онлайн-платформаларды пайдалануды сұраймыз.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Музейде бокстан Еңбек сіңірген жаттықтырушы, есімі аңызға айналған, спортшы Рафаэль Вахитовтың 95 жасқа толуына арналған кездесу кеші өтті. Өмір бойы ол бірнеше чемпиондарды тәрбиеледі. Өзінің табандылығының арқасында 40-шы жылдары шыңдалды. Ұлы Отан соғысы кезінде ол балалық шақта машинист болып жұмыс істеді, әуе флотының курсанты болды, тіпті кемелерді басқарды. Сонымен қатар полктың командасын жаттықтырды.
Рафаэль Гайсич мыңдаған спортшылардың, боксшылардың даңқын арттырып,нағыз чемпиондарды дайындады. Музейде сақтауға берілген марапаттар, кубоктар, медальдар, сондай-ақ фотосуреттер экспозицияда лайықты орын алады.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Белгілі шебер Мелжан Сыдықовтың 60 жылдық мерейтойына орай музейде «Қолөнер – сырлы өнер» атты шығармашылық кеш өтті. Ол Павлодар Ертіс өңірінің ұлттық қолөнер дәстүрін лайықты жалғастырушылардың бірі. Көп жылдар бойы Ә. Марғұлан атындағы ППУ-нің «Көркем еңбек, графика және жобалау» бөлімшесінің кәсіптік оқудың шебері болып жұмыс істейді. Шебер студенттерге қолөнер туралы білім ғана емес, қолданбалы өнердің алуан түрлерін меңгеру міндеттерін үйретеді. Шараға қолөнершілер, шебердің шәкірттері, достары, әріптестері және Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Қонақтардың назарына қолөнер шебері мен оның шәкірттерінің жұмыстары ұсынылды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Павлодар облысының құрылғанына 85 жыл толуына және Баянауыл округінің 190 жылдығына орай Ертіс мультимедиалық музейінде Республикалық қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырған «Ұлы даланың жазба мұралары» атты көрменің ашылуы өтті. Көрменің ашылуында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының орынбасары Самал Елжасқызы Сәменовамен бірге Павлодар облысының зиялы қауым өкілдері мен ғалымдары сөз сөйледі. Архограф Жабықбайұлы Әділәлі қазақ халқының тарихын баяндайтын қолжазбалармен сирек кітаптармен танысыға шақырды. Көрмеде Қарахан дәуірі тұсындағы Ж. Баласағұнидың көркем туындысы «Құдатғу білік» дастанынан бастау алып, Алтын орда, Қазақ хандығы кезеңдеріне жататын сирек кітап жазба мұраларының көшірмелері қойылған. Көрмені 2023 жылдың 4-13 сәуір күндері аралығында келіп көруге болады.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Көшпелі халықтардың Ұмытылған ұлттық тағамдары қайта жандануда. Бұл жерде біздің музейде ұлттық тағам жасап үйрену туралы шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағына Қазына апайымыз «Жау жүрек», «Әсіп» тағамдарын дайындап көрсетті. Келген студенттер тағылымы мол тәрбиелік маңызы бар тағамдардың жасалу жолдарын үйренді.
Алпысбаева Қазынагүл «Кәусар» әжелер ансамблінің жетекшісі, «Шабыт» мәнерлеп оқу үйірмесінің және «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің жетекшісі. Он саусағынан өнер тамған Қазынагүл апамыз «Кәусар» әжелер ансамблінде ән салып, ұмытылып бара жатқан қазақтың ұлттық тағамдарын ұлықтау, насихаттау мақсатында тынбай жұмыстар атқарып келеді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ұлыстың Ұлы мерекесіне орай «Сырлы аяқтың сыны кетпес» Қазақтың ұлттық қолданбалы ыдыстарының көрмесі өтті. Көшпенділер ұғымында ыдыс-аяқ ретінде молшылық-тоқшылық, ырыс берекенің көзі деп есептелген. Біздің музейде ғасыр бұрын жасалған табақтар мен астаулар сақталған. Төрт түлігін тірлігінің арқауы еткен ата-бабаларымыз оның сүті мен етінен тартып, тері-тарамысына дейін кәдеге жаратқан. Соңғы кездері халқымыздың ұлттық құндылықтарға қайта бой бұра бастағаны байқалады. Әр шаңырақта дархан көңілмен жайылған дастархандарда әдемі нақышталған астаулар мен табақтарды, тостағандарды жиі көзіміз шалып жүр. «Сырлы аяқтың сыры кетпес» де сыны кетпес-деген осы болар. «Ұлысты ұйыстарған Әз Наурыз» атт қалалық кітапхана көрмесі ұйымдастырылып, ән айтылып, Наурыз батасы берілді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Халықаралық экскурсия жүргізуші күнінде, экскурсия жұмысына арналған қызықты әрі танымды мастер класс өтті. Іс-шарада кәсіби экскурсия жүргізушісі Аргинова Сәуле Идырысқызы сөз сөйледі. Дәріскер аудиторияға экскурсия жүргізудің негіздерін, оны өткізудің әдістері мен нысандарын, сондай-ақ қаладағы экскурсоводтық істің қыр-сырын айтып, Павлодар облысының туристік мүмкіндіктері турлы айтты.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Музейде Шәкен Аймановтың туған күніне орай «Қазақ киносының саңылығы» атты тақырыптық кеш өтті. Онда көрнекті актер және режиссердің шығармашылығының жанкүйерлері жиналды. Көрермендер алдында Harizma театр студиясының жетекшісі және режиссері Кешкембаева Салия, сондай-ақ Ж. Аймауытов атындағы қазақ драма театрының белгілі актері Шәнім Бейбіт сөз сөйледі, ол Шәкен Аймановтың ең жарқын өміріндегі беттері туралы әңгімеледі. Іс-шара қонақтарын "Тақиялы періште", "Біздің сүйікті дәрігер", "Алдар көсе" фильмдерінің үзінділері ерекше қуанышқа бөледі. Теңдесі жоқ актердің сүйікті ән жолдар шырқалды.