- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Қазақтың XX ғасырдың басындағы елеулі тұлғалардың бірі, жерлесіміз ақын, қоғам қайраткері Садуақас Мұсаұлы Шормановтың 175 жылдығына орай «Еңселі елдің тұлғасы» атты еске алу кеші өтті. Садуақас Мұсаұлы Шорманов ойшыл, парасатты, оқымысты адам болған. Садуақасты ел іші қатты құрметтеген. 1854-1868 жылдары Баянауыл дуанының аға, сұлтаны болған, Ресей патшасынан полковник шенін алған, орта жүздің белгілі биі Шорманның немересі жайлы оқушыларға қадірлі қонақтар толыққанды тарихи мағұлматтарды айтып берді. Жарылғапберді Жұмабайұлы кезінде Мұса Шормановтың, бертін келе С. Шормановтың соңына ерген, жиын-тойда салған «Ардақ» әні орындалды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Д.П. Багаевтың музей-үйі Юлия Гирконың «Право на счастье» атты фотокөрменің ашылуы өтті. Бұл Юлия Гирко мен панасыз жануарларға көмек көрсету қоғамдық қорының жетекшісі Александра Старина бірлесіп ұйымдастырған «Право на счастье» әлеуметтік жобасы. Оған әртүрлі қызмет салаларындағы адамдар қатысты. Олар «Дом приют надежд» баспанасындағы жануарлармен бірге түсірілді. Фотожоба барысында 6 ересек ит пен 18 күшік орналастырылды көрме фотограф әйелдің шығармашылығы мен ерекше көзқарасының мерекесі болып табылады.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
«Сиқырлы құмыра» көрмесі ашылды, онда Г.Н. Потанин Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіның және Ақсу тарихи-өлкетану музейі қорынан құмыралар бірегей коллекциясы ұсынылды. Біздің облыстың аумағында археологтар әртүрлі дәуірлерге жататын ыдыстарды жиі табады. Көрмеде андронов мәдениетіне, қола дәуіріне және сақ кезеңіне жататын құмыралар мен ыдыстарды көруге болады. Көрменің археологиялық бөлігінің үздік экспонаттары Железин ауданынан табылған неолит кезеңінің бірегей құмыралары болып табылады. Біздің көрмеде 70-тен астам әр түрлі елдер мен халықтардың ыдыстарының түрлері ұсынылған, көптеген экспонаттар алғаш рет қойылды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Шарбақты тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері "Музей әлемімен танысу" тұсаукесер циклін іске қосты, оның шеңберінде Шарбақты ауылының № 2 ООШ "Палеонтологиялық экспонаттар", экспонаттар панорамасы (Шарбақты музейінің қорларынан) әңгімелесумен болды. Шарбақты ауданының аумағында өмір сүрген мұз дәуірінің жануарлары туралы тарихи ақпаратты қызығушылықпен тыңдаған № 2 ЖБББМ 6 сынып оқушылары ризашылық білдірді.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ұлттық ұлан күніне орай, "Ertis" музейде патриоттық сағат өтті. Қонақтар Ұлттық ұланның қызметі, жетістіктері және елдегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлі туралы ақпаратарымен бөлісті. Шараның шынайы сәні – 5512 әскери бөлімінің әскери оркестрінің Ұлттық ұланның Әнұранын орындауы болды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, поэзия падишасы, публицист, сыншы, драматург, есімін туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ- нің кітапханасында оқушыларға «Қазақтың дана Қадыры» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара аясында жазушының өмірі мен шығармашылық туралы мағлұмат беріліп, өлеңдері оқылды. Ақынның сөзіне жазылған «Өз елім», «Тамаша», «Асыл әжем» әндері тыңдалды. Өмір жолынан бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар кітапхана қорынан жазушының кітап көрмесі оқушылар назарына ұсынылды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Шарбақты тарихи-өлкетану музейіндегі бөлімшесінің қызметкерлері Орталық аудандық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп психологиялық түзету орталығының балаларына «Жаңа жылдық шытырман оқиға» атты жаңа жылдық шырша өткізді. Балалар «Нысанаға қар кесекпен тигіз», «Шыршаны безендірейік» ойындарын ойнады. Шеңберде билеп, тақпақ айтып, шыршадағы ойыншықтарға атады, тәтті сыйлықтармен марапатталды. Бізге әсіресе «Қайталау» билеріне қатысу ұнады. Мереке соңында Аяз ата мен Ақшақар жаңа жылдық сыйлықтарын таратты.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу тарихи-өлетану музейінде ақын, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет громаталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық ақыны Фариза Оңғарсыноваға арналған «Поэзия падишасы – Фариза» атты еске алу кешімөткізілді. Іс-шарада Ы. Алтынсарина атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары белсенді қатысып, Ф. Оңғарсынованың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысып, И. Ибраева, А. Қабденова, А. Еркембек, А. Берикова, А. Ерсинова және Б. Багданов өлендерін мәнерлеп оқып берсе, караоке бойынша Ф. Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Достар» әнің орындады.




