- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30жылдығының арналған Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи – өлкетану музей қорынан «Тамыры терең туған жер» көрменің ашылуы Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік тарихи – мәдени және әдеби – мемориалдық қорық – музейіңде өтті.
Көрменің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1. Өлкенің ежелгі тарихы: палеонтология, археология.
2. Ертістің Павлодар өңірінің материалдық және рухани мәдениеті: халық қолөнері мен кәсібі, сәндік – қолданбалы өнер, зергерлік өнер.
3. Павлодар қаласының тарихы.
4. Ертістің Павлодар өңірінің материалдық және рухани мәдениеті: халық қолөнері мен кәсібі, сәндік – қолданбалы өнер, зергерлік өнер.
5. Павлодар өңірінің белгілі тұлғалары. (Өлкеміздің ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер саласындағы белгілі қайраткерлері).
Көрменің ашылуына өлкенің танымал адамдары,студенттер қатысты.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Д.П. Бағаевтың Мемориалдық музей-үйінде Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» атты фотокөрменің ашылуы өтті. Фотокөрмеде Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен қызметінің шежіресі: металлург, қоғам және партия көшбасшысының саяси көшбасшыға дейінгі жолы, сонымен қатар егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, экономикалық және халықаралық аренадағы саяси жетістіктері мен Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген еңбегі мен үлесі ұсынылған.
Музей қорынан келушілердің назарына кәсіби фотографтар Бугаев Владимир Николаевич, Бугаев Валерий Николаевич, Пархоменко Александр Васильевичтің жұмыстары ұсынылды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
"Ertis" музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «Шеберлікке шек жоқ» дәстүрлі ерлер қолөнерінің облыстық фестивалі өтті.
Фестиваль дәстүрлер қолөнерін танымал етуге, қазақ халқының қолөнер дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, өнердегі қолданбалы қызықты эксперименттік формаларды анықтауға бағытталған.
Павлодар облысының үздік қолөнершілері фестивальге қатысты, қалың көрерменге бірегей қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Фестиваль аясында қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлері туындыларының көрме-жәрмеңкесі, атақты шеберлердің музыкалық аспаптар жасау, ағаш ою, көркем өңдеу бойынша шеберлік сабақтары өтті.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2021 жылдың 22 қазанында сағат 10.00 - де «Ertis» музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің туған өлкем» тақырыбында облыс өлкетанушылары форумы ұйымдастырылды.
Форумда өлкетанушылардың ғылыми - насихат және мәдени - ағарту жұмысы мен Павлодар өңірінің өлкетану саласындағы ғылыми зерттеу, зерделеу мәселелері қарастырылды. Форумның жұмысы келесі бағытта жүргізілді: Өлкетанушыларды бірлестіру: тарихи, географиялық, әдеби және т.б., Павлодар Ертіс өңірінде өлкетану жұмысын насихаттау, Павлодар облысының тарихы мен мәдениетін сақтауда музейлердің, ғылыми және білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың рөлі.
Форумға өлкетанушылар, ғалымдар, тарихи - мәдени және ағарту мекемелерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, музейтанушылар шақырылды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Бүгін «Ertis» музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Теміртау қ. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры» көрменің салтанатты ашылуы өтті.
Көрмеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсететін фотоматериалдар, әр жылдары шет мемлекеттердің басшылары, ресми өкілдері мен делегацияларының Елбасына ұсынған сыйлықтары, Н.Ә.Назарбаевтың жеке заттары - пальто, тенниске арналған спорттық киім ұсынылған.
Сонымен қатар, көрме Қарағанды облысы және жалпы Қазақстан Республикасының тарихында жарқын із қалдырған тұлғаларымен, Қарағанды облысының қиелі жерлерінің объектілерімен, қола дәуірі, ерте темір және орта ғасырдың археологиялық музей артефактілерімен таныстырады. Келушілер сәндік -қолданбалы өнер коллекциясымен: тұрмыстық заттармен, зергерлік бұйымдармен және қазақ халқының өмірін көрсететін басқа да экспонаттармен, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы, Қарағанды облысының тәуелсіздік жылдарындағы мәдени және спорттық жетістіктері туралы материалдармен танысады.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
9-10 қазанында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Нұр-сұлтан қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысты. Музей "Қоянды жәрмеңкесі" театрландырылған көрмесін ұсынды. XIX-XX ғғ.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
7 қазан күні Ақсу қаласының жоғары көпсалалы Жаяу Мұса атындағы колледжінің есепші мен мектепке дейінгі білім беру бөлімдерінің студенттерінің қатысуымен Д. Жолжақсыновтың 70 жылдығына орай «Жолжақсынов Досхан - актер әлемі» атты шығармашылығына шолу өткізілді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Шарбақты музейінде «Сыбайлас жемқорлық деген не?» шарасы өтті. Оған гимназиялық сыныптары бар ЖОББМ-нің 7-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның қонақтары аудандық мәслихат депутаты А.Абылкирова, «Шарбақты елім-ардақты жерім» қоғамдық қорының басшысы Э.Мовлян, «Мила» ҚБ басшысы Л.Сидоренко, «Жастар толқыны» жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы С.Амренов болды.