- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2024 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу аясында Әскери Даңқ музейінде «Ел рәміздері – еліміздің басында нышаны» атты ерлік сабағы өтті. Шараға Павлодар қаласындағы N28 мектептің оқушылары қатысты. Балаларға мемлекеттік рәміздерге деген қамқорлық, еліміздің халықтарының тарихи өткені мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау туралы мағлұматтар ұсынылды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы деректі фильм көрсетілді. Фильмді көргеннен кейін балалар сұрақтар қою арқылы білімдерін тиянақтады. Шара соңында музейде экскурсия ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
4 маусым күні Абай атындағы ЖОБМ-де ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты патриоттық сағат өткізілді. Шараға мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерь оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Шара аясында тақырыпқа байланысты мағлұматтар беріліп, көрермендер назарына рәміздер туралы бейнефильм көрсетілді, өлеңдер оқылып, әндер тыңдалды. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жарысы болды. Кітапхана қорынан шағын көрме ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Жердегі із» атты дөңгелек үстел өтті. Экономикалық колледж студенттері ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы репрессияның ауыр кезеңі туралы ақпаратпен танысты. Дөңгелек үстелге қуғын-сүргінге ұшыраған дәрігер Бәзікен Өскенбаевтың немересі Бақыт Өскенбаева қатысты.
Павлодар облысында қуғын-сүргінге ұшырағандардың фотопортреттері мен деректі анықтамалары бар көрме ұйымдастырылып, «Алаш Орда»деректі фильмі көрсетілді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи өлкетану музейінде саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне «Тікенді сымның аржағындағы поэзия» еске алу кеші өткізілді. Кеш қуғын-сүргін жылдарында зардап шеккендер туралы жанды өлеңдер мен естеліктерге толы болды. Қатысушылар біздің тарихымыздың қайғылы беттерін есте сақтаудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Ғ.Жайлыбай, С.Әбенов, Қ.Мыса, А.Ахматова, А.Баркова, О.Мандельштам және т.б. ақындардың саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнаған өлең жолдары ұсынылды. Бұл іс-шараға ерекше атмосфера мен эмоционалды тереңдік қосты. Кеш саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және құрметтеу, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін тарихи жадыны сақтау жұмысын жалғастыру қажеттілігі туралы маңызды ескерту болды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Павлодар облысы мен Екібастұз қаласының құрметті азаматы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР атақты кеншісі С.П. Куржейдің 100-жылдығына «Менің қалам, менің өмірім, менің үмітім...» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Шара барысында Екібастұз өңірінің дамуы үшін қажырлы еңбек еткен, қызмет барысында тек абырой биігінен көріне білген Станислав Павловичтің адал адамның бейнесін еске түсірді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
31 мамыр – қазақстанда саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде білім алушыларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Саяси құрбандар» атты тарихи сағат өткізілді. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігі, жас буынға үлгі-өнеге ету, ұлт зиялылары туралы тың деректермен бөлісу. Іс – шараға Ақсу қаласының мәслихат аппаратының қызметкерлері, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушылары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 6 б сынып оқушылары қатысты.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2024 жылы 25 мамыр күні Әскери Данқ Музейінде Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовке 100 - жылдығына орай «Ал естелікте тыныштық жоқ» атты шара өтті. Іс-шараға Павлодар қаласының ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері қатысты. Сағадат Нұрмағамбетов өмірбаяны және Әскери өмірі туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар музыкалық әндері орындалды және оның кітап шығармашылық еңбектерінен көрме үйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
22 мамырда "Ertis" музейінде Санк-Петрбургтегі Кунсткамераның антропология және этнография музейінің коллекциясынан "Самуил Дудин - фотограф, художник, этнограф" халықаралық фотокөрмесі өтті. Самуил Мартынович Дудиннің фотосуреттерінде 1889 жылы Ақмола, Жетісу, Семей (оның құрамына Павлодар уезі кірді) облыстарына экспедиция материалдары көрсетілген. Көрме ағымдағы жылдың 5 маусымына дейін жалғасады.