Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

16 желтоқсан-Қазақстан мен оның әрбір азаматы үшін маңызды күн. Бұл күні біз еліміздің бостандығының, бірлігі мен өркендеуінің символына айналған Тәуелсіздік Күнін атап өтеміз. Осы айтулы оқиғаның құрметіне біздің музейде оқушыларға арналған "Тәуелсіз Қазақстан" танымдық дәрісі өткізілді, оның барысында олар осы күннің маңыздылығы және оның Қазақстан тарихындағы рөлі туралы білді. Дәріс қызықты және танымдық түрде өтті. Оқушылар тәуелсіздікке ұмтылып, елдің күрделі тарихи сәттерден қалай өткені туралы айтылды. Тәуелсіздік Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамуына қалай әсер еткенін білді.

WhatsApp Image 2024 12 13 at 16.46.35WhatsApp Image 2024 12 13 at 16.46.36WhatsApp Image 2024 12 13 at 16.46.35 1


Қазақ тілі қоғамы, Ақсу тарихи-өлкетану музейі және С.Дөнентаев мәдениет сарайының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік тұлғасы» атты кездесу кеші ерекше әрі мағыналы болды. Кештің құрметті қонағы, Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр актері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан тұлға – Шәнім Бейбіт Кәрімұлына сөз беріліп, сол тарихи сәт туралы естеліктерімен бөлісті. Ол өз сөзінде Желтоқсан оқиғасының жастар үшін маңызды тарихи кезең екенін, қазақ халқының тәуелсіздікке деген ұмтылысын білдіргенін ерекше атап өтті. Бұл кеш тәуелсіздіктің ұлы тұлғаларын ұлықтап, әрбір азаматтың өз елінің болашағына қосқан үлесін бағалауға шақырды.

Тәуелсіздік – халқымыздың ұлы жеңісі, сондықтан әрбір ұрпақтың оны қадірлеп, тарихын ұмытпай, еліміздің болашағына жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Бұл кеште кеш қонақтары мен жастар арасында тәуелсіздік үшін атқарылған күрес пен ерліктің маңыздылығы туралы терең әңгіме өрбіді. Шәнім Бейбіт Кәрімұлының сөздері баршаға үлгі болды, әрі еліміздегі жастардың тәуелсіздікке деген құштарлығын арттыруға себепші болды. Бұл шара арқылы қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі мен сол жолда құрбан болған тұлғалардың есімдері ұлықталды.

WhatsApp Image 2024 12 13 at 13.30.20 1WhatsApp Image 2024 12 13 at 13.30.22WhatsApp Image 2024 12 13 at 13.30.24


Ақсу қара металлургия колледжінің студенттеріне Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға колледж ұстаздары мен студенттері қатысты. Шара барысында тақырыпқа байланысты тың ақпарат беріліп, бейне баян, слайд көрсетілді. Сонымен қатар колледж студенті Хұрметбек Дәуреннің орындауында   «Мен қазақпын» әнін шырқалса, колледждің арнай пәндер оқытушысы Халимхан Уалихан «Қара бауыр қасқалдақ» әнінің тарихын баяндап, домбыраның сүйемелдеуінде   орындап берді. Колледждің кітапхана қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.

IMG 20241212 WA0057IMG 20241212 WA0056IMG 20241212 WA0059


Әскери Даңқ музейінде Кеңес Одағының Батыры Александр Спиридонович Квитковтың 102 жылдығына арналған «Аға сержанттың ерлігі» атты ерлік сабағы өтті. 1922 жылы 15 желтоқсанда Павлодар облысы Железин ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1941 жылдың тамызынан Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Брянск, Оңтүстік-Батыс, Орталық және Беларусь майдандарында атқыштар отрядының командирі болып шайқасты.

WhatsApp Image 2024 12 12 at 17.50.37WhatsApp Image 2024 12 12 at 17.52.28WhatsApp Image 2024 12 12 at 17.52.16


Екібастұз тарихи-өлкетану музейімен С. Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясының 8,9,10 сынып оқушыларына арналған «Тарих апталығы» аясында қазақ халқының тарихы, мәдениеті және қолөнері туралы білім беру мақсатында «Көшпелі халықтың қолөнері» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, дәріс оқылды. Шара барысында қазақ халқының қолөнерінің ерекшеліктері, тұрмыс-тіршілікте қолданылған бұйымдар мен олардың жасалу тәсілдері кеңінен баяндалып, қазақтың дәстүрлі мәдениетінің маңызды бөліктері көрсетілді.

IMG 3302IMG 3259IMG 3257


Биыл Тәуелсіздік туын көтеріп, іргетасымызды нығайтқанымызға 33 жыл, сонымен қатар Желтоқсан көтерілісіне 38 жыл толып отыр. Бүгін, аталған шараға орай Ы. Алтынсарин атындағы мектептің кітапханасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты патриоттық сағаты өткізілді. Іс-шараға аталған мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара желтоқсан құрбандарын 1 минут үсніздікпен еске алумен басталып, әрі қарай Қазақстан Республикасының Әнұранымен жалғасты. Іс-шара барысында оқушыларға тақырып бойынша мағлұматтар беріліп, слайд, бейне фильм көрсетілді. Оқушылар «Тәуелсіздік», «Желтоқсан алаңы» атты өлең жолдарын оқып, «Мен қазақпын» әнін орындады. Сонымен қатар мектептің кітапхана қорынан шағын кітап көрмесін тамашалады.

IMG20241211112605IMG20241211111650IMG 20241211 WA0053


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде жазушы Әбіш Кекілбаевтің 115 жылдығына орай №33 мектептің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Әбіш Кекілбаев - замана заңғары, сөз зергері» атты шара өтті. Оқушылар ақынның өмірбаяны туралы бейнефильмді тамашалап, шығармаларымен танысты.

ce7e3055 b282 43bc 99af ed9adc382a2d89e9c636 18bc 4e04 bfa0 d53ea43c77d38ecab586 3698 41d2 8b65 39f0bb6024b3


«Ertis» музейінде «Менің Отаным – Қазақстан» атты көркем көрме ашылды. Бұл іс-шара Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің мерейтойымен тұспа-тұс келіп, оған ерекше мән берді. Көрмеде жас суретшілердің 20-ға жуық жұмыстары, соның ішінде түлектердің дипломдық жұмыстары ұсынылған. Тақырып Қазақстанның дәстүрлері мен табиғатын, адамдардың бейнелері мен ұлттық стильдегі натюрморттарды қамтиды. Ежелгі петроглифтерге ұқсайтын стильдендірілген фигуралар ерекше назар аударды. Көрме жас шеберлердің талантын көрсетіп қана қоймай, ұлттық дәстүрлердің байлығын еске салады. Көрмені желтоқсан айының соңына дейін көруге болады, кіру тегін.

WhatsApp Image 2024 12 09 at 09.59.45WhatsApp Image 2024 12 09 at 10.00.27WhatsApp Image 2024 12 09 at 10.00.07