- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
30 маусымда «Ertis» музейінде Домбыра күніне арналған «Үкілі домбыра» ұлттық музыкалық аспаптар көрмесінің ашылуы өтті.№37 ЖОББМ оқушылары аспаптың пайда болу тарихы туралы білді, домбыраның дыбысын тыңдап, күй аңызымен танысты. Көрмеге келушілер шеберлер М. Әбікеев пен Ж. Жанпейісов жасаған музыкалық аспаптарды, сондай-ақ ХХ ғасырдың басындағы ақын Қ.А. Әлсейітов пен халық ақын-импровизаторы Т. Арғынбаевқа тиесілі домбыраларды тамашалай алады.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Д.П. Багаев мемориалдық мұражай-үйінде 2023 жылғы 22 маусымда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасында Россотрудничество өкілдігінің қолдаумен ұйымдастырылған Сергей Ларенковтың «Блокадный альбом» атты халықаралық фотокөрмесі ашылды.
Көрменің тұсаукесеріне вице-консул, Өскемен қаласындағы өкілдігі басшысының орынбасары Дьяченко Александр Андреевич, Славян мәдени орталығының төрайымы Кузина Т.И., кәсіби фотограф, көптеген жеке суреттердің авторы Дмитрий Поликарпович Багаев жұмысының ізбасарларының бірі Пархоменко А.В., Павлодар география үйінің директоры, журналист Вервекин А.А., Павлодар қаласының фотосүретшілері, шығармашылық интеллигенция қатысты.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Әкелер күнінде музейде «Әкелер мен ұлдарының» таңғажайып, маңызды кездесуі өтті. Балалармен жұмыс жасай отырып, ер балаларға ерлер ортасы қаншалықты қажет екенін көреміз. Ал мұндай ортаны құру біздің қолымызда. Бала тәрбиесінде әкенің ролі ерекше. Балалардың өздерін сенімді және күшті сезінуі өте маңызды, сондықтан ерлер кездесуді дайындауға белсенді қатысты. Әкелер құрметіне ән орындалды. Барлық үміт ақталды. Балалар тәлімгерлеріне сенім артып, жігерленіп, қуаныштары асқақтап, ерлердің бірлігі сезілді. Қорыта келе, ардақты әкелер, балалы болу-бақыт екенін естен шығармайық!
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2023 жылғы 8 маусымда Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи – өлкетану музейі № 41 ЖОББМ жанындағы лагерлерімен "Ұлттық ойын-халық қазынасы" тақырыбында бірлескен іс-шара өткізді. Балалар үшін "Арқан тартыс", "Такия тастамақ", "Теңге алу", "Қыз қуу", "Асық ату" және т.б. қазақ ұлттық ойындары ұйымдастырылып, өткізілді. Жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар табыс етілді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Ашық аспан астындағы музейдің" жазғы маусымы өз жұмысын бастады. Мұнда: адмиралдық зәкірді, экскаваторлық шөмішті,өрт өшіретін құралдарды,сондай-ақ, қазақ және славян халықтарының тұрмысын жан-жақты баяндайтын басқа да көптеген қызықты тарихи жәдігерлерді көруге болады.
Ашылуға Б. Ахметов атындағы Педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Өлкеміздің тарихымен тереңірек танысқысы келетін қала тұрғындары мен қонақтарды дүйсенбіден жұмаға дейін 10:00-18:00 сағат аралығында Астана көшесі 129-үйде орналасқан "Ашық аспан астындағы музейді" тамашалауға шақырамыз.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Балалар қорғау күнінде "Праздник детства" викториналық ойыны өтті. Жас қатысушылар викторина сұрақтарына ерекше ынтамен жауап берді, ашық ойындар ойнады. Іс-шара соңында оларды музейдін жанданған кейіпкерлерімен кездесу күтіп тұрды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2023 жылғы 31 мамыр күні сағат 11.00 - де Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи- өлкетану музейінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «След на земле» танымдық сабағы өтті. Сабақта студенттерге Қазақ КСР - нің ауыр кезеңі - Сталиндік қуғын-сүргін кезеңі, павлодарлық қуғын-сүргіндердің осы уақыттан қалай аман қалғаны, қандай қиындықтарға тап болғаны және қиын жылдарды қалай еңсере алғаны туралы ақпарат айтылды. Павлодар облысында қуғын-сүргінге ұшырағандардың фотопортреттері мен деректі анықтамалары бар көрме ұйымдастырылды, «Алаш Орда» деректі фильмі көрсетілді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні «Ертіс» мультимедиялық музейінде Қазақстан халықтарының салт-дәстүрінен «Ел бірлігі – ұлы байлық» атты үздік театрландырылған қойылым байқауы өтті. М.Әуезов атындағы орта мектептің 4 «Е» сынып оқушылары қазақтардың, орыстардың, өзбектердің, украиндардың салт-дәстүрлері мен билерімен таныстырды. Балалар сайыстар мен викториналарға белсене қатысты.