5 сәуір Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде тәжік-ауған шекарасындағы шайқасқа қатысушылармен «Ерлікке тағзым» атты кездесу өткізілді. Кездесу жауынгерлерді таныстырудан басталды - олар сержант Курмангалиев Арман Амангельдиевич, қатардағы жауынгерлер Ахметов Ерлан Амангельдинович, Сабиров Альберт Ядгарович, Бижанов Куаныш Оразтаевич. Шараға қатысқан №33 мектептің 5-6 сынып оқушыларына Ауғанстандағы соғыстан кейінгі әрекеттердің тарихы, дәлірек айтсақ, көршілес республикалардың шекарасын есірткі тасымалы мен Ауғанстаннан көршілес Орталық Азия мемлекеттерінің аумағына басып кіруге әрекеттенген қарулы топтардан қорғау тарихы жайлы баяндалды. Шекара заставасының ардагерлері қызметтің ауыртпалығын айтып, балалармен сол кездегі әскери жағдайды, тәжік-ауған шекарасында қалай қызмет еткендерін әңгімеледі. Жиын соңында Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2 полиция батальонның аға сержанты Еңсебаев Жаңбырбай Борашұлының орындауында «Алға қазақ жігіттері» әні шырқалды.
«Ерлікке тағзым» кездесу
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина