«Ertis» музейінде «Олардың есімдерімен көшелер аталды» жобасы аясында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» атты музейлік дәріс өтті. Іс-шара қатысушылары политехникалық жоғары колледж студенттері болды. Музейлік дәріс барысында студенттер Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми қызметімен, тарихи деректермен, сондай-ақ минералдар мен пайдалы қазбалардың үлгілерінің жеке коллекциясымен танысты.
«Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» музейлік дәрісі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина