13 маусым күні сағат 11.00-де Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи – өлкетану музейінің қор коллекцияларынан «Тау тұлғаларға тұғыр болған қасиетті Павлодар өңірі» атты көрменің ашылуы өтті. Көрмені Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Әубәкіров Санат Амангелдіұлы салтанатты түрде ашып, Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әлиақпаров Арман Ержанұлын Алғыс хатпен және Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығы мерейтойлық медалімен марапаттады.
«Тау тұлғаларға тұғыр болған қасиетті Павлодар өңірі» көрмесі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина