Қазақстан Республикасының рәміздері күнін мерекелеу аясында біздің музейде еліміздің рәміздерінің тарихи және мәдени маңыздылығын атап өтуге бағытталған іс-шаралар кешені өткізілді. Күні бойы келушілерге "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық байлық" дәрістері, "Үміт елінің арқалап - Арманнан туған рәміздері" баяндамалары, "Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі" интерактивті викториналары ұйымдастырылды. Мемлекеттік Туға, Елтаңбаға, ҚР Әнұранына арналған, бұл тақырыпты тереңірек зерттеуге және Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Қонақтар әр таңбаның жасалу тарихын, оның мағынасын білуге, сондай-ақ олардың ұлттық бірегейлік үшін маңыздылығын талқылауға мүмкіндік алды. Аталған іс-шаралар кешені барлық қатысушылар мен келушілер арасында еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы патриоттық сезімдер мен түсініктерді нығайтуға көмектесті.
ҚР Мемлекеттік рәміздер күні
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина