Екібастұз тарихи-өлкетану музейі мен «Ceramista» керамика шеберханасының бірлесуімен «Саз балшық креативі» атты шеберлік сабағы өткізілді. Шара барысында әр түрлі жастағы балалар өз қиялдарына ерік беріп, жүрекше мен бұлт тәрізді креативті бұйымдар жасады. Бұл шеберлік сабағы қатысушыларға балшықпен жұмыс істеудің ерекше атмосферасын сезініп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.




