Д.П. Багаевтың музей-үйінде Павлодарда 1905 жылы көрнекті фотосуретші және өлке шежірешісі Дмитрий Поликарпович Багаев ашқан алғашқы фотосалонның құрылғанына 120 жыл толуына орай «Д.П. Багаевтың фотосалоны» фотокөрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге фотографтың павлодарлық фотосалонында жасаған түпнұсқа фотосуреттері кіреді. ХХ ғасырдың басындағы бұл бірегей суреттер-сол кездегі павлодарлықтардың тарихының, тұрмысы мен өмір салтының жанды дәлелі. Келушілер сол дәуірдің атмосферасын сақтап қалған сирек кездесетін портреттер, жанрлық көріністер мен деректі кадрларды тамашалай алады. Көрменің мақсаты-шеберге құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар фотосуреттің тарихи дерек көзі және көркемдік құбылыс ретіндегі маңыздылығын еске түсіру. Көрме 20 тамыздан 10 қыркүйекке дейін көпшілікке ашық болады.
«Д.П. Багаевтың фотосалоны» фотокөрмесі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина