2025 жылғы 17 қыркүйек сағат 15.00 Г.Н. Потанина атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде көшпелі көрменің ашылуы өтеді.
Көрнекті қазақ ғалымы, ағартушы-демократ, тарихшы, этнограф және фольклоршы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай (Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі МКҚК-ға қарасты) Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінің қорынан «Шоқан Уәлиханов:Ұлы тұлға мұрасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылады.
Көрме үш бөлімнен тұрады:
І бөлім «Тектіліктің бастауы»
Шоқан Уәлихановтың арғы аталары Абылай ханнан тараған әулет шежіресі. Әкесі Шыңғыс Уәлиханов,Айғаным әжесінің және бауырларының фото суреттері қойылады.
ІІ бөлім «Шоқанның өмірі мен ортасы»
Ғалымның жеке заттары және отбасы тұтынған заттары: Парша белбеу, тапанша, ІV- ші дәрежелі әулие Владимер ордені, мыс табақ, күміс қасық, бұрыш ұнтақтағыш ұсынылады.
ІІІ бөлім «Ғалым және саяхатшы»
Қазақстан, Қырғызстан, Қашғария экспедицияларына байланысты деректер.
Экспедициялық жол карталары, қолжазбалар мен зерттеу материалдары.
Сапар кезіндегі этнографиялық жәдігерлер мен суреттер.
Ғалымның ғылыми еңбектерінің көшірмелері.
Көрме 2025 жылғы 17 -18 қыркүйек күндері жұмыс істейді.