- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музейінде әйгілі жерлесіміз, талантты музыкант, сазгер, ұлттық музыкалық аспаптар жасаудың шебері, республикалық «Үкілі домбыра» байқауының жеңімпазы Шәкен Рақышевтің 90 жылдығына орай «Өнегелі өмір» атты, өмірі мен шығармашылығына арналған еске алу кеші өтті.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
«Ertis» музейінде Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 190 жыл толуына орай, «Музей және Потанин: дәуірлер диалогы» атты ауызша журнал өткізілді. Іс-шара барысында оның өмірбаянынан деректер, ғылыми қызметі, экспедициялары, этнографиялық зерттеулері, сондай-ақ ғылым мен мәдениеттің дамуына қосқан зор үлесі туралы мәліметтер ұсынылды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
1 қазан Қарттар күніне орай Ақсу тарихи-өлкетану музейінде «Ардагерге тағзым» атты еске алу кеші өтті. Ұлы Отан соғысының батырларын еске алып, жерлесіміз Иван Кривенконың ерліктері баяндалды. №4 орта мектептің 5б сынып оқушыларына арналған шарада майданнан келген жүрек тебірентер әсерлі хаттар оқылып, оқушылар Жеңіс символдарына арналған викторинаға қатысып, ал соңында біз бір минут үнсіздікпен батырлардың рухына тағзым етілді.


- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
3 қазан күні, сағат 11.00-де «Ertis» музейінің қызметкерлері Г.Н. Потанинның туғанына 190-жыл толуына орай «Музей және Потанин: ғасырлар диалогы» атты ауызша журнал ұйымдастырады. Іс-шараның негізгі мақсаты: Атақты тұлға, ғалым фольклоршы, ботаник, публицист және қоғам қайраткерінің ғылыми мұрасын танымал ету, ел үшін жасаған еңбектерімен таныстыру.
Григорий Потаниннің басты ғылыми жетістігі деп Орталық және Шығыс Азиядағы бес ғылыми зерттеу экспедициясының қорытындысын айтуға болады. Бұларды ол аталған қоғамның тапсыруымен 1876-1899 жылдар аралығында басқарып, іске асырған. Осы экспедициялардың арқасында Орталық Азиядағы аса танылмаған және зерттелмеген аймақтар туралы ауқымды мәліметтер жиналып, үлкен гербарий мен зоологиялық коллекция жиналды. Сондай-ақ, Сібір, Орталық Азия, Қытай тұрғындарының мәдениеті, тұрмысы және халық шығармашылығына, тарихы мен эпосына қатысты құнды материалдар көбейді. Қатысушылар арасында: музей қызметкерлері, өлкетанушылар, тарихшылар, студенттер.

- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
"Ertis" музйі «Қожа Ахмет Ясауидің ескі жамылғысының құпияларын ашу» атты көпшілік дәріс өтті. Зерттеуші Татьяна Крупа, «UMAI» халықаралық зертханасының меңгерушісі, Қазақстанның бірегей тоқыма мұрасының Темір дәуірімен — айбынды кесене тұрғызу уақытымен байланысын алғаш рет дәлелдей отырып, көп жылғы жұмыстың нәтижелерін ұсынды. Қатысушылар еліміздің мәдени және рухани мұрасын терең түсініп, бұрын жарияланбаған жаңа тұжырымдарды білді.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Еңбек күніне орай Ақсу тарихи-өлкетану музейінде №7 орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларымен «Еңбек түбі – береке» атты таңымдық сағаты өткізілді. Іс-шарада балалар Еңбек күнінің тарихымен, балалардың мамандықтар әлеміндегі ой-өрісін кеңейтіп, музей қорындағы мамандыққа байланысты жәдігерлермен танысып «Мамандықты тап», «Мақалды жалғастыр» ойындары өткізіліп, оқушылардың басты мақсаты білім екеніне көз жеткізілді.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Бүгінгі таңда ұлттық ән-күйімізді, жырларымызды өз нақышынан айырмай, замана үнімен үндестіре отырып насихаттау және оларды ұрпаққа сақтап жеткізу – аса маңызды міндеттердің бірі.
Осы мақсатта 3 қазан күні сағат 15:00-де Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музейінде әйгілі жерлесіміз, талантты музыкант, сазгер, ұлттық музыкалық аспаптар жасаудың шебері, республикалық «Үкілі домбыра» байқауының жеңімпазы Шәкен Рақышевтың 90 жылдығына орай «Өнегелі өмір» атты өмірі мен шығармашылығына арналған еске алу кеші өтеді.
Өтетін орны:
Майра Шамсутдинова атындағы
ән-өнер шығармашылығы музейі
Астана көшесі, 135-үй
Тел.: 61-81-30

- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Орталық Азияның рухани мұрасының ең жұмбақ артефактілерінің біріне арналған «Открывая секреты старого покрова Хаджи Ахмета Ясави» атты қызықты дәріске шақырамыз. Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің археологиялық зерттеулер институтының «UMAI» мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру халықаралық зертханасының меңгерушісі Татьяна Крупа дәрісті өткізеді.
Өтетін орны: «Ertis» музейі
Уақыты: 2025 жылғы 26 қыркүйек сағат 11.00-де.
Кіру тегін. Өткеннің құпияларына қол тигізу және ұлы мұраның жаңа қырларын ашу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

