Музейде актер, театр қайраткері, Қазақ КСР-нің халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Отан», «Парасат», «Достық» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері С.Қ. Оразбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өнер жолындағы өнеге» тақырыбында кеш өтті. Кешке С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Көрнекті актердің тәуелсіз Қазақстандағы сахна өнерін дамытуға қосқан еңбегі, сондай-ақ халықтық өнер бастауынан нәр алған өнерпаз, әнші, сазгер ретінде шығарған әндерінің ел арасында кеңінен таралғаны туралы айтылды. Ә. Марғұлан атындағы педагогикалық университетінің өнер бөлімінде оқитын студенттер әуезді әндерді орындады.




