Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Г.Н. Потанин атындағы музейде «Туған өлкенің тұлғалары – ұрпаққа үлгі» атты өлкетану сабағы өтті. Аталған сабаққа Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 9-сынып оқушылары қатысып, туған өлкенің тарихы, Павлодар облысынан шыққан көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері туралы мағлұмат алды. Сабақ барысында Әлихан Бөкейхан атындағы лицейдің тарих пәні мұғалімі Серік Қошербайұлы Шәкенов қазақ ғылымының көрнекті қайраткері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі, ғылыми мұрасы және елдің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы әңгімелеп берді. Ғалымның табандылығы мен қоғамның дамуына қосқан үлесі оқушыларға терең әсер қалдырды.

WhatsApp Image 2026 01 29 at 08.57.23WhatsApp Image 2026 01 29 at 08.57.07WhatsApp Image 2026 01 29 at 08.56.52