Шарбақты тарихи-өлкетану музейі мүгедектігі бар жандар Күніне орай коррекциялық-педагогикалық кабинет тәрбиеленушілеріне арналған танымдық дәріс өтті. Мұндай кездесулер рухани құндылықтарды қалыптастыру және әрбір балаға қолдау көрсету үшін маңызды. Балаларға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінікті әрі қызықты түрде әңгімеленді.
Дәріс барысында мейірімділік, бір-біріне көмектесу және туған жерге деген сүйіспеншілік сияқты құндылықтарға ерекше мән берілді. Бұл дәріс балалардың әдебиетке деген қызығушылығын оятып қана қоймай, әр баланың қоғамдағы орны мен қолдауға лайық екендігін көрсетті. Дәрістен кейін балаларға өз шығармашылығын көрсету мүмкіндігі берілді.
Сондай-ақ олар үшін музей бойынша шолу экскурсиясы жүргізіліп, кездесу соңында балаларға тәттілер мен сыйлықтар табыс етілді.




